Аудан әкімі озаттарды қабылдады

0

Мойынқұм аудандың әкімдігінде аудан әкімі Мәден Мұсаев 1 желтоқсан – Тұңғыш Президент күніне орай бірнеше еңбек ардагерлері, еңбек озаттарын қабылдады.

— Біздің елімізде Тұңғыш Президент күні айтулы мерекелердің бірі. Елбасы, Тұңғыш Президентіміз Н.Назарбаев еліміздің өсіп-өркендеуі, басқа да алдыңғы қатарлы мемлекеттер қатарына қосылуы жолында көп еңбек сіңірді. Ен бастысы — көп ұлтты мемлекетімізде халықтар достығын, елдің бірлігін сақтады. Елімізді алыс-жақын шет елдерге танытты.  Аз уақытта Нұрсұлтандай әсем қала тұрғызылды.

Ал сіздер  ауданымыздың әлеуметтік-экономикалық дамуына көп үлес қостыңыздар, қосыпта келесіздер. Біз ұстаздар мен дәрігерлердің, басқа да сала қызметкерлерінің еңбектерін ерекше бағалаймыз. Сондықтанда  сіздерді Тұңғыш Президент күнімен құттықтай отырып, сіздерге денсаулық, отбасыларыңызға амандық тілеймін,- деді аудан басшысы Мәден Тоқтарбайұлы.

Бұдан кейін аудан әкімінің қабылдауында болған азаматтарға «Ауданға сіңірген еңбегі үшін» естелік медальі мен аудан туралы шыққан «Мерейлі өлке Мойынқұм» атты түрлі-түсті фотоальбом табыс етілді.

Кездесуде аудандық қоғамдық Кеңестің төрағасы Болат Сатыбалдиев, Мойынқұм су бөлу торабының инженері Бәкен Бейсебаев марапат иелерін құттықтап, осындай сый-құрмет жасап жатқан аудан әкімі М.Мұсаевқа алғыстарын айтты.  Алматы қаласынан келген жерлесіміз, белгілі спортшы Жамбыл Әмірбеков өз тілегін өлең жолдарымен жеткізді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.