Жас мамандар баспанамен қамтылуда

0

Мойынқұм ауданында 2020 жылға тұрғын үй сатып алуға бюджеттік кредитке республикалық бюджеттен 87 864,0 мың теңге, көтерме жәрдемақыға аудандық бюджеттен 26 510,0 мың теңге қаржы қаралған болатын.

Ағымдағы жылдың 10 айында 20 маманға, оның ішінде білім беру саласының 12 маманына және денсаулық сақтау саласының 8 маманына тұрғын үй сатып алуға жалпы сомасы 78 541,0 мың теңге бюджеттік кредит берілді.

Сонымен қатар 61 маманға, оның ішінде білім беру саласының 36 маманына, денсаулық сақтау саласының 15 маманына және агроөнеркәсіптік кешен саласының 5 маманына, мәдениет саласының 2 маманына, әлеуметтік қамсыздандыру саласының 3 маманына жалпы сомасы 16 945,8 мың теңге көтерме жәрдемақы төленді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.