Жұмыспен қамту шаралары қарқынды жүруде

0

Мойынқұм ауданында «Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасының 3-бағыты бойынша 2383 жұмыссыздан 1344-і белсенді шараға тартылды.

Әлеуметтік жұмыс орындарына 2020 жылы республикалық және жергілікті бюджет арқылы 28,0 млн. теңге көлемінде қаржы қаралып, барлығы 155 азаматты жұмысқа тарту жоспарланып отыр.

19 жеке кәсіпкерлер және шаруа қожалықтармен келісім-шарт жасалып, барлығы  211 жұмыссыз әлеуметтік жұмыс орындарына жолданды.

Жастар іс-тәжірибесі бойынша 2020 жылы республикалық және жергілікті бюджет арқылы 30,3 млн. теңге көлемінде қаржы қаралып, 6-айлық мерзімдік жұмысқа жыл аяғына дейін барлығы 60 адамды тарту жоспарлнып отыр.

 Есептік мерзімге 110 азамат жастар іс-тәжірибесіне жолданыды.

Қоғамдық жұмыстарына 2020 жылы жергілікті бюджеттен 105,0 млн. теңге көлемінде қаржы қаралған, республикалық бюджеттен қосымша 158,0 млн,теңге қаражат қосымша бөлінді.

Жыл аяғына дейін 800-жұмыссызды уақытша жұмысқа тарту жоспарланып отыр. Берілген есептік мерзімде 1029  жұмыссыз қоғамдық жұмысқа жолданды,  176,7  млн. тенге қаражат игерілді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.