Бағдарлама аясында тұрмыстарын тіктеуде

0

Мойынқұм ауданында «Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасының 2-бағыты бойынша кәсіпкерлік негіздеріне ауданда – 129 азаматты оқыту жоспарланған, бүгінгі күнге 318 азаматқа жолдама беріліп, оның 200 азаматы оқуды аяқтады.

Бүгінгі күнге мал шаруашылық кәсібін кеңейтемін деген 26 азаматқа «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қорына» жолдама берілді. Соның ішінде 26 азамат 94,0 млн теңге көлемінде кредит алды.

Қайтарымсыз грант бойынша 141 адамға 78,1 млн.теңге жоспарланған,

Бүгінгі күнге 141 азаматқа 78,1 млн. теңге жеке шоттарына аударылып, кәсіптерін бастауға мүмкіндіктер жасалынуда.

Шағын несие, қайтарымсыз грант алған азаматтар нәтижесінде 170 жаңа жұмыс орны ашылады деп күтілуде.

Leave A Reply

Your email address will not be published.