Әлеуметтік қорғаудан ешкім шет қалмайды

0

Мүдделі топтарға жататын азаматтарға әлеуметтік көмек

Мойынқұмда 2020 жылы біржолғы әлеуметтік көмекке жергілікті бюджеттен барлығы 6450,0 мың теңге бөлініп, мереке күндеріне барлығы 81 азаматқа әлеуметтік көмек төленді. Туберкулезбен ауыратын 13 адамға 13,4млн.теңге берілді.

Мүмкіндігі шектеулі азаматтарға әлеуметтік көмек

2020 жылы жергілікті бюджеттен 48189,5 мың теңге бөлінді. Биылғы жылдың есепті кезеңінде мүмкіндігі шектеулі 229 азаматқа жеке оңалту бағдарламасы бойынша әлеуметтік қызмет түрлері тағайындалып, жергілікті бюджеттен 42,7 млн. теңгеге қажетті заттар алынып берілді.

Жаңа форматтағы атаулы әлеуметтік көмек

Ағымдағы уақытта 219 отбасына 56,8 млн.теңге жаңа форматтағы атаулы әлеуметтік көмегі төленді.

 Жалпы биылғы қаралған қаржы көлемі  314,4 млн.теңге.

1 жастан 6 жасқа дейінгі балаларға берілетін кепілдендірілген  әлеуметтік пакет ай сайын 258 балаға берілуде. Жалпы аудан бойынша 2020 жылға 65,3 млн. теңге қаралған.

Төтенше жағдайлар кезеңінде нысаналы топтар үшін 5567 теңгеден барлығы 2040 адамға 48,1 млн. теңге азық-түлікке арналған төлемдері төленді.

Төтенше жағдай кезінде ең төменгі жалақы 18495 өтініш түскен, 6143 өтініші қолдау тауып,  қанағаттандырылды.

Бүгінгі таңға 42500 теңгені алалмаған азаматтардың өтініштері 1 желтоқсанға дейінгі аралықта аудандық штабта қайта қаралуда.

Ауданда төтенше жағдай кезінде республикалық бюджеттен 79,5 млн теңге бөлініп жекелеген санаттарға 1873 адамдардың электр энергиясына сәуір-мамыр айлары үшін 15,0 мың теңгеден 56,2 млн теңге игерілді.

«Нұр Отан» партиясының «Біз біргеміз» акция аясында ауданда 800 аз қамтылған отбасыларына 50,0 мың теңгеден 40,0 млн. теңге қаржы төленуде.

Төтенше жағдай кезінде тұрмысы жағдайы 681 төмен отбасыларына 17758 дана халықтық тұтыну тауарлары мен киім-кешектер таратылды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.