Мемлекеттік бағдарламалар ел еңсесін көтереді

0

Мойынқұм ауданының әлеуметтік-экономикалық жағдайын көтеру мақсатында «Өңірлерді дамыту» бағдарламасы аясында жалпы құны 426,3 млн. теңгені құрайтын «Қылышбай ауылындағы ауыз су ғимаратының және су құбыры құрылысының 2-кезеңін салу» жобасына биылғы жылға 302,0 млн. теңге қаражат қарастырылып отырса, «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасы аясында 52 жобаны қаржыландыруға 1387,0 млн. теңге қаражат бөлініп отыр.

Бағдарламаның мақсатты түрде орындалуы – ел саясатының дұрыс бағытта жүріп жатқандығының көрінісі. Сондықтан, бұл үлкен жауапкершілікті қажет ететін іс. Аталған бағдарламадағы нысандар бойынша 462 жұмыс орындары ашылса, аудандық жұмыспен қамту орталығы арқылы 236 жұмыссыз жұмыспен қамтылды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.