Пилоттық жоба жемісін беруде

0

Аймақта «Жамбыл облысы тұрғындарының тұрмыстық табысын жақсарту» жобасы табысты жүзеге асуда. Бұл жобаның негізгі мақсаты – әрбір тұрғынға өзін-өзі жұмыспен қамту және үй іргесіндегі жерді пайда көзіне айналдыруына мүмкіндік туғызу болды.

Жоба 5 бағыттан тұрады. Аталған жоба аясында Мойынқұмда 139 азамат ауыл шаруашылығын дамыту мақсатындағы 379,3 млн. теңге жеңілдетілген несие алып, 413 бас мүйізді ірі қара, 924 бас уақ мал, 381 бас жылқы және 79,4 млн. теңгеге 12 дана ауылшаруашылығы техникаларын алды.

Тұрғындарының әл-ауқатын арттыру пилоттық жобасын ары қарай жалғасыру мақсатында облыс әкімінің тапсырмасымен ауданымызда Бірлік және Қылышбай ауылдық округтеріне талдаулар жасалынып, облыстық ауыл шаруашылық басқармасына қаражат бөлуге ұсыныс берілді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.