Ауыл шаруашылығы техникалары жаңартылуда

0

Мойынқұм ауданында егін шаруашылығымен айналысып отырған елді мекендерде егін шаруашылығына қажетті ауылшаруашылығы техникалары мүлдем қалмаған.

Осы жағдайды ескере отырып, шаруа қожалықтарының сұрансына сәйкес ауданның қаржы мүмкіндіктеріне қарай 2019 жылы 73,0 млн. теңгеге 13 егін шаруашылығы техникалары алынды және Айдарлы, Бірлік ауылдарынан бұрынғы ескі қырман орындары қалпына келтіріп іске қосылса, биылғы жылы Күшаман ауылындағы егін жинайтын қырман ағымдағы жөндеуден өтіп пайдалануға берілді.

Мысалы, өткен жылы аудан бойынша ауыл шаруашылығы дақылдары егілген алқаптар 5 074,0 гектар болса, биылғы жылы 5 408,0 гектарды құрап 334 гектарға артып отыр.

Сонымен қатар тоғандар бойындағы 18 су реттегіш құрылғылар орнатуға 37,0 млн. қаржы қаралып, жұмыстар атқарылды.

Осы жұмыстардың нәтижесінде биылғы жылы егін алқабына қосымша 334 га жер қосылып игеріліп отыр.

Ауданда құрама жем дайындау және егін шаруалығы бағытындағы бес ауылшаруашылығы кооперативтері жұмыс істеуде. Шығарылған өнімдері негізінен аудан шаруашылықтарының сұраныстырын қамтуда.

Leave A Reply

Your email address will not be published.