Мойынқұмдық шаруалар жерді тиімді игеруде

0

Мойынқұмда көктемгі егіс дала жұмыстары өз деңгейінде жүргізілді. Атап айтсақ, биылғы жылы егіс алқабын 334 гектарға арттырып жоспарланған 5408 гектар жер толық игерілді. (2019 жылы  барлық суармалы егістік алқап-5 074 га, 2018 жылы 3783 га құраған).

 Ағымдағы жылы аудан бойынша барлық суармалы егістік жер алқабы- 5 408 гектар құрап, жоспар 100 % орындалды. Оның ішінде: жаздық арпа-250 га, дәндік жүгері-1 325 га, тары-420 га, майлы дақыл-20 га, картоп-101 га, көкөніс-196 га, бақша дақылдары-408 га, көп жылдық шөп-2688 га.

Көктемгі егіс дала жұмыстарына Үкімет тарапынан кепілдендірілген бағамен аудан шаруашылықтарына 390 тонна жанар-жағармай бөлініп, аудан шаруашылықтарының егістік жер көлеміне сәйкес таратылып берілу жұмыстары жүргізілуде.

Жалпы Мойынқұм ауданында жер ерекшелігіне қарай егін шаруашылығымен «Шу» өзенінің бойындағы 7 елді мекендердің шаруашылықтары (Кеңес, Биназар, Бірлік, А.Назарбеков, Көкжелек, Күшаман, Жамбыл) егін шаруашылығымен айналысады.

Шаруа дихандарына егін суын жеткізуге отыз жылдай көлемде тазаланбай қайыр, қамыс басып кеткен тоғандар өте қиындықтар туғызып, өсімдік шаруашылығындағы өнім көлемі күрт төмедеген.

Аудан бойынша су нысандарын қалпына келтіру және тазалау жұмыстарын жүргізу мақсатында «Талас-Аса» кәсіпорынының техникаларыменен 2019 жылы аудан бойынша жалпы ұзындығы 69,3 км құрайтын 11 (он бір) тоғанды тазалау жұмыстарын жүргізу үшін 73,2  млн. тг. қаражат қаралып, толықтай игерілді.

Биылғы жылыда жалпы ұзындығы 51 шақырым болатын 4 тоғанды тазалау ұйымдастырылып отыр. Бұл жұмыстарға аудан бюджетінен 16,4 млн.теңге қаржы бөлінсе, «Жұмыспен қамту жол картасы» бағдарламасы аясында 52,4 млн. теңге қаржы қаралып тазалау жұмыстары жүргізілуде.

Leave A Reply

Your email address will not be published.