Мойынқұмда мал басы артып келеді

0

Жаз-атаның елінде ауыл шарушылығы жалпы өнімі 2020 жылдың қаңтар-қыркүйек 5 167,4 теңгені құрап, НКИ 102,9 %-ға жетті. Оның ішінде мал шаруашылығы 3 972,9 млн. теңге, егін шаруашылығы 1 193,9 млн. теғгенің өнімін өндірген.

Аудан аумағында карантинге байланысты көптеген шектеу шаралары қойылды. Дегенмен, ауылшаруашылығы бағытындағы жұмыстарды өз дәрежесінде жүргізу мақсатында шаруа қожалықтардың жұмысына кедергі жасамау үшін, сақтық шараларын сақтай отырып, барынша мүмкіншіліктер берілуде.

Жалпы, ауданда мүйізді ірі қара мал саны 45 533 бас болып, 8669 басқа (23,5%-ға) артса, қой мен ешкі саны 159 007 бас болып, 14 708  басқа (8,5%-ға) азайды.  Түйе саны 1317 басты құрап, 84 басқа (6%-ға) азайды, жылқы саны 8973 бас болып, (2019 жылы 7994 бас) 979 басқа (12,2%-ға) артты. Ал құс саны 32 056 құрап, (2019 жылы 29 026 бас) 3030 басқа (10,4%-ға) артты.

Нәтижесінде, Ет тірі салмақта 3812,3 тоннаны құрап, өткен жылдың тиісті кезеңімен (2019 жылы 3586,2 тонна) салыстырғанда 226,1 тоннаға немесе 6,3%-ға артты. Сүт өнімі 6816,0 тоннаны құрап, өткен жылдың тиісті кезеңімен (2019 жылы 6792,0 тонна) салыстырғанда 24,0 тоннаға немесе 0,4%-ға артты. Жұмыртқа өнімі 1377,0 мың дананы құрап, өткен жылдың тиісті кезеңімен (2019 жылы 1359,5 мың дана)  салыстырғанда 17,5 мың данаға немесе 1,3 %-ға артты.

Leave A Reply

Your email address will not be published.