Мойынқұмда экономикалық өсім тұрақты

0

Мойынқұм ауданында 2020 жылдың қаңтар-қазан айларында өнеркәсіп өнімдерінің көлемі 66 736,4 млн. теңге болып, нақты көлем индексі 96,8 %-ды құрады.

Өнеркәсіп өндірісінің нақты көлем индексі 96,8 болуына «Бескемпір» және «Карьерное» шахтасында құрылғылардың істен шығуы және  қажетті құрылғылардың уақытында жеткізілмеуі 2020 жылғы қаңтар-қазан айлары аралығында өндірілген алтын көлемінің заттай көрсеткіші 77 келіге төмендеуі нақты көлем индексінің төмендеуіне кері әсерін тигізді.

Жалпы, биыл негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 23405,3 млн.теңгені құрап, 2019 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда НКИ – 124,2 пайызды құрады.

Сондай-ақ, 2020 жылдың қаңтар-қазан айларында 15 957,7 млн теңге, НКИ 4,5 есе артты. (2019 жылы 3 438,6 млн теңге, НКИ 163,4 %).

Ауданда тұрғын үй құрылысы да қарқынды жүруде. Мәселен, жылдың 10 айында 2967,0 шаршы метр үй пайдалануға беріліп, НКИ – 90,6 пайызды құрады .

Ал, бөлшек сауда айналымының көлемі жылдың қаңтар-қазан айларында 1584,4 млн. теңгені құрап, 2019 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда НКИ 94,2%-ға құрады .

Бөлшек сауда айналымының нақты көлем индексі 94,2% болуының себебі: Елімізде «Төтенше жағдай» режимі енгізілген уақытта  аудан көлемінде жұмыс жасап отырған азық-түлік емес тауарларын сататын орындардың 1 ай уақытқа уақытша жұмыстарын тоқтатқаны кері әсерін тигізді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.