Діни сауатсыздық – діни экстремизмнің бастауы

0

«Шу ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің тапсыры бойынша»

Бүгінгі таңда діни экстремизм мен терроризм сөздерін естімеген адам аз шығар. Баспа немесе ғаламтор беттерінен шет елдердегі және Қазақстандағы діни ахуал, соның ішінде діни экстремизм мен терроризм тақырыптарына қатысты мәліметтер жетерлік. Бұл аталған мәселенің ғаламдық деңгейде орын алып отырғандығының белгісі. Қазақстан әлем елдеріне көптеген конфессиялар мен ұлт өкілдерінің бейбіт өмір сүру мекені ретінде танылғаны рас. Дегенмен, діни экстремизм  мәселесі біздің елімізді де айналып өткен жоқ. Жалпы діни экстермизмнің қай аймақта болмасын таралуына себеп болатын бірнеше алғышарттарды атап өтуге болады. Ең алдымен бұл діни сауатсыздық. Дінге толық таныммен келмеу діни сауатсыздықтың басты көрінісі болып отыр. Бұл жерде Абайдың иманды «якини» және «тақлиди» деп бөліп қарастыруы өзекті болуда. Мұның алғашқысы танымнан, ақыл дәлелінен туындайтын шын иман. Екіншісі «өзі ештемені білмей, еш нәрсе туралы ойламай, дін иелерінің сөзіне еріп, «ел қалай көшсе, мен де солай көштім» деген надандықтан шыққан соқыр сезім, үстірт наным» – бұл қазіргі қоғамға тән, діни сауатсыздықтың көрінісі, діни радикалданудың себебі болып отыр. Осы сынды себептер қазіргі қоғамда дұрыс емес бағыттардың пайда болуына алып келіп отыр. Осы секілді себептердің көзін жоймасақ қоғамда дерттің өршу қаупі жоғары екендігі айтпаса да хақ.

А.Тукеев

Leave A Reply

Your email address will not be published.