Діннен адастыратын ағымдар

0

«Шу ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің тапсыры бойынша»

Қоғам арасында етек жайған теріс діни ағымдар жастардың санасын жаулаған теріс ағым жас арудың жүзін жауып боз баланың оғаш қылығын көрсетуіндегі мақсат не? Қоғамға қарсы терорлық әрекет, діни экстремизм діни фанатизмнің шектен шыққан түрі. Кез келген экстремизмнің мәні олардың пікіріне қосылмағандарға зорлық зомбылықтарын көрсету. Діни экстремизм, әлемде өздерінің шектен шыққан көзқарасына сәйкес қайта құруға ұмтылады. Діни экстремизм террористтік іс-әрекеттердің туындауына себеп болатын саяси құрал. Жаһандану заманында діни экстремизм қанатын кеңге жайып халықаралық деңгейге жетіп отыр. Қазіргі уақытта халықаралық экстремизм және терроризммен тиімді күресу үшін әлемдік қоғамдастықтармен біріге отырып жанжақты күшейтуіміз керек.

Бүгінде жалпы ел, қоғам осы мынау дін атын жамылған радикалдық топтармен мемлекет күресіп жатыр. Қоғамда күресіп жатыр. Соның қатарында дін қызыметкерлерімізде халыққа, елге дұрыс имандылыққа жеткізіп, діннің барлығы дін атын жамылып, бұлардың барлығы діндар емес екендігін мына дін қызыметкерлері де халыққа, елге айтып жүреді.

Елімізде «Экстремизмге қарсы іс-қимыл туралы» Заңның 10-бабында: «Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарымен және халықаралық ұйымдармен экстремизмнің алдын алу, анықтау және жолын кесу саласындағы өзара іс-қимылы» деп аталады. Экстремистер адамдардың  дінге деген құрметі мен сенімін өз мақсаттарына кеңінен пайдалана отырып, дін үшін әрекет етіп жүргендей көрінуге тырысады». Олар өздерінің қылмыстық мақсаттарын орындау мақсатында барлық мүмкіндіктерді пайдаланады. Соның ішінде әлемде ең қымбат адам өмірі, оның денсаулығы мен қоғамдағы күнделікті іс-қимылын жоюға дейін барады. Діни экстремистік топтардың іс-әрекеттерінен ерсі қылықтары көрініс табады.

Олардың ең бірінші дінге шақырамыз деп халықты, елді сол жаңағы имандылықтың арасында намаз үйретеміз, құран үйретеміз деген сияқты амалдармен халықты, елді алдап, арбап кейін оларды әр түрлі айлаларменен шетел асырып, әр түрлі сол шетелдегі болып жатқан қақтығыстардың құрбаны болып жатқаны бізге белгілі. Бұл топтардың тағы да бір ерекшеліктері бұл қай жерде болмасын, қай елде болмасын олар өздері арнайы жеке адамболып жасамайды. Олар өздерінің қатарын көбейту үшін жер жерлерде арнайы бүктемелер, кітапшалар таратып, дискілер беріп, өздерінің уағыз насихаттарын интернет арқалы жариялайтын іс-әрекеттері де бар. Кітап, оқулықтарда интернеттерде айтқанымыздай өте сақ болғанымыз бүгінгі таңда бәрімізге аса қажет деп ойлаймын.

Сонымен қатар олар басқа экстремистік ұйымдармен тығыс байланыстар орнатады  және бірігеді. Шетел ел орталықтарымен байланыста болып олардың көмегімен билікке қарсы жиһад жариялайды.

Кез келген елде, жерде осындай заң шыққан кезде олардың жасырын әрекеттерге көшетіндігінде біздер білуіміз керек. Бүгінгі таңда сол әртүрлі экстремистік топтардың бүгінгі таңда Қазақстандағы «ат-Такфир уа-әл хиджра», «Хизб-ут-тах-рир» атты, «әл-Джиһад» атты топтардың әрине бүгінгі таңда ашық пропагандасы жүрмейді. Бірақ олардың бүгінгі таңдағы сәләфизм, уахабизм идиологиялары арқылы олар өздерінің қитұрқы іс-әрекеттерін елімізде, халқымызда асыруы мүмкін. Оның  түбі экстремистік радикалдық топтарға алып баратындығы, бүгінгі таңда біз көптеген жағдайдаа кезіктіріп жүрміз.

Қазіргі таңда ислам көбінесе нақты саяси мақсаттарға жетудегі әдіс-тәсілі ретінде қолданылады. Ондағы қорытынды мақсат билікке жаңа саяси күштің келуі. Дегенмен бұл жағдай елді өсуге емес күйреуге алып келіп соғады. Ал нақ осы діни экстремизм мен терроризмнің шығуына көптеген жағдайлар әсер етеді. Олардың қатарына қосылатын адамдарғада қарапайым жайттар түрткі болуы мүмкін.

Біріншіден, ең бірінші себеп бұл діни сауатсыздық. Жастардың әсіресе діни сауатсыздығы. Руханиятын білмегендіктен. Сол себепті. Интернет арқылы жасатар экстремистік әрекетке кетіп жататыны бұл шындық. Екіншіден бұған қосымша әсер ететін факторлер бар. Бұл әлеуметтік, психологиялық, экономикалық мәселелер. Мысалы жұмыссыздықты алатын болсақ, мысалы бізде маргинал жастар өте көп. Өзінің дүние танымы қалыптаспаған, қоғамда орнын таппаған, міне осындай жастарымыз экстремистік ұйымдарға кетуі әбден мүмкін. Осының салдарынан қоғамда бүліктер туындап жатыр. Қоғамымыз, жастар бөлініп жатыр. Бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарудың орнына, олар әрқайсысы өзінің идеяларына тартып қоғамды бөліп жатыр. Міне көрдіңізбе бұл ертеңгі мелекетімізге несімен қауіпті? Қоғамды ыдырап, бүліктің, көтерлістің басталуына алып келетін ағымдар. Қауіптілігі сондай.

Діндер адамзаттың тарихында ізгіліктің құралы болғаны анық. Бірақ саяси күштер дінді саясаттың құралы етіп алып, қатігез саяси мақсаттарын жүзеге асырады. Технологиямен ғылым дамыған кезде діни экстремизм деген ұғым жиі қолданылуда. Діни эстремизм діни ілім мен тәжірибенің жоқтығының, саясат пен діннің араласуының тікелей салдары. Бұған жол бермеу үшін тең дәрежеде діни сауаттылық, саяси мәдениет пен саяси сананы қалыптастыру, жалпы алғанда мәдениет пен білімдік деңгейді көтеру қажет.

Арам пиғылды адамдардың сондай іс-әрекетке бармау үшін біз бүгінгі таңда дін мәселесіне қатысты барлық сұрақтарды тек қана арнайы дін өкілдерінен, яғни Қазақтан мұсылман діни басқармасының тағайындаған өкілдерінен білуіміз бүгінгі таңда аса қажет. Және көптеген сол сырт мемлекет асып кеткендердің көпшілігі өзінің жергілікті сол имамдарымызда арнайы діни сауатын ашпағандықтан, тіті оларға мүлдем келмегеннің салдарынан көп азаматтар сондай қауғыға душар болып жатыр.

Енді бұларға қарсы жұмыс жасау үшін біріншіден иммунитет қалыптастыру керек, екіншіден жастарды жұмыспе қамтамасыз ету керек. Және де мамандығы жоқ жастарға мамандық тауып беру керек. Сол кезде ғана осындай қоғамдағы экстремистік әрекеттердің алдын алуға болады.

Діни экстремизм дегеніміз саяси күштердің өз мақсаттарына жету үшін дін атынан мемлекетке қарсы жасалған немес бағытталған күресі. Дінімізді бұрмалап әр түрлі жаңалықтарды енгізіп, дінімізден, тілімізден, ділімізден, мәдениетімізден қазақты қазақ етіп көрсететін  салт-дәстүрімізден, ұлттық құндылықтарымыздан айырып, халық арасында араздық, дұшпандық, жеккөрушілік, тасбауырлық тудырып, ынтымағынан, бірлігінен айырып ұмыттырғысы келгені, түрлі ағымдардың өте белсенді түрде жұмыс жасап жатқандығы да осының дәлелі.

Әлбетте дін таза нәрсе. Еш уақытта біз дін мен экстремизмді байланыстыру ол дұрыс түсінік емес. Бірақ олар дін атын жамылғаннан кейін әлбетте бұл діни адамдардың сол басы-қасында жүргеннен кейін біздер сол шариғаттың үкімін дұрыс түсіндіріп халыққа жеткізе білуіміз керек деп ойлаймын. Әлбетте біз бұған барымызды саламыз. Бар мүмкіндігімізді ілімімізді, бар күш қуатымызды жұмсаймыз. Өйткені бұның яғни діни экстремизмнің арты бұл үлкен халыққа, елге былайша айтқанда қасірет. Сондықтан бұл қасіреттің алдын алу үшін біз ел болып, қоғам болып, әрбір азамат бұл жолда күресуіміз керек.

Еліміз бүгінде өз тарапынан аймақтық бейбіт өмірді, қауіпсіздікті және тұрақтылықты қамтамасыз ету, сонымен қатар демократиялық, әділ және ұтымды саяси экономикалық, халықаралық тәртәп орнату үшін қолынан келгенінің бәрін жасауда. Деседе бұл дертпен бүкіл ел болып күресу қажет. Ел іші бүтін болмаса ел де болмайды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.