Жас қаламгерлер байқауының жеңімпаздары анықталды

0

Тараз қаласындағы «Даңқ» залындағы «Бауыржантану» ғылыми-зерттеу орталығында Кеңес Одағының батыры, әскери қолбасшы, жазушы Бауыржан Момышұлының 110 жылдығына орай ұйымдастырылған «Аңызға айналған ақиқат» атты қалалық жас қаламгерлер байқауының марапаттау рәсімі өтті.

Қашықтықтан өткен балғын қаламгерлердің сөз бәсекесін Тараз қаласы әкімдігінің білім бөлімінің Техникалық шығармашылық орталығы мен қалалық «Jambyl-Taraz» газетінің редакциясы бірлесіп ұйымдастырды.

Алдын-ала жарияланған эссе, мақала, арнау номинациялары бойынша сайысқа қала мектептерінің оқушыларынан тоқсанға тарта жұмыс келіп түсті. Барлық шығармалар аты аңызға айналған, батырлықтың ерен үлгісі болған Бауыржан Момышұлының тағылымды һәм асқақ рухты дәріптеген кемелді ғұмырын насихаттауға бағытталған.

Оқушылардың ізденіске толы шығармашылық жұмыстарын батырдың ұрпағы, Қазақстаннан құрметті журналисі Бекет Момынқұл, «Jambyl-Taraz» газетінің директор-бас редакторы Эльмира Мырза-Ғали, ақын Ғайни Әлімбекқызы, жас ақын Арайлы Жақсылық, техникалық шығармашылық орталығының әдістемелік бөлімінінің меңгерушісі Айнұр Тілемісова бағалап, жеңімпаздарды анықтады.

Leave A Reply

Your email address will not be published.