«Зейнеп апаның зейінді әңгімесі»

0

Халық қаһарманы, даңқты қолбасшы, қазақтың көрнекті жазушысы Бауыржан Момышұлының келіні, этнограф, жазушы Зейнеп Ахметованың қатысуымен «Зейнеп апаның зейінді әңгімесі» тақырыбында кездесу өтті.

Тараз қаласындағы Абай атындағы орталық кітапханасында өткен жиынды қала әкімінің орынбасары Алмас Садубаев ашып, жүргізіп отырды.

«Елдік – елдің қасиеті, жүректілік – жігіттің қасиеті» деп аталған кездесуде қазақтың талбесіктен жер бесікке дейінгі салт-дәстүрі мен әдет-ғұрпы туралы өскелең ұрпаққа ұлықтап, көркем түрде жеткізіп келе жатқан Зейнеп апаға оқырмандары көкейдегі сауалдарын қойды.

Кездесу барысында Зейнеп Ахметова батыр туралы толғаныстарын айта келіп, ұлттық құндылықтар, салт пен сана, бүгінгі қазақ келіндері туралы да өз ойымен бөлісті. Жиында үлгі-өнеге беру мақсатында көптеген орынды әңгімелер айтылды. Зейнеп Ахметованың айтуынша, білгенді айта жүру, үйрете жүру – үлкендердің басты міндеті. Салт-дәстүрі, әдет-ғұрпы, ана тілі сақталған ұлттың ертеңі жарқын болмақ.
Басқосу соңында оқырмандар батыр Бауыржан Момышұлының көзін көріп, тәлімін алған келініне өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, зейінді әңгімесімен сусындап, естелік суретке де түсті.

Leave A Reply

Your email address will not be published.