Жыл бойы атқарылған жүйелі жұмыстың жемісі

0

Тараздықтардың тұрмысын жақсарту мен толайым табысқа қол жеткізуде өндіріс, ауыл шаруашылығы, шағын және орта бизнес секілді кез келген сала экономиканың маңызды элементі ретінде үлкен рөл атқаратыны белгілі. Осы жылдың он айында қаланың негізгі әлеуметтік- экономикалық даму көрсеткіштерінде бөлшек сауда айналымынан басқа салаларда оң динамика қалыптасқан. Тек бөлшек сауда тауар айналымы есепті кезеңде 184 миллиард 612,3 миллион теңгені құрап, нақты көлем индексі жыл соңына дейін өткен жылмен салыстырғанда 99 пайызды құрайды деп болжануда. Бұған елімізде төтенше жағдайдың және облыс аумағында карантиндік шектеу шараларының енгізілуіне байланысты азық-түлік емес бөлшек сауда орындарының қызметі уақытша тоқтатылғаны себеп болды.
Ал негізгі әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштердің жыл соңында орындалу барысын сөз етсек, өнеркәсіп саласында 272 миллиард 260 миллион теңгенің өнімі өндіріліп, нақты көлем индексі 100,2 пайызға, ауылшаруашылық саласында өнім өндіру көлемі 8 миллиард 992,3 миллион теңгеге ұлғайып, нақты көлем индексі 100,1 пайызға асыра орындалады деп жоспарлануда. Сол секілді негізгі капиталға салынған инвестиция 105, құрылыс жұмыстары 100,8, пайдалануға берілген тұрғын үй көлемі 296,4 мың шаршы метрге жетіп, орындалуы 104,2 пайызды құрамақ.
Жылдың он айында мемлекеттік бюджетке 41,3 миллиард теңге салық және басқа да міндетті төлемдер түсіп, жоспар 115,8 пайызға орындалды. Ағымдағы жылдың 1 қарашасында қалалық бюджеттің шығыс бөлігінің игерілуі 99,8 пайызды құрады. Қазіргі уақытта қалада 31 610 кәсіпкерлік субъектісі тіркелсе, оның 22 661-і ғана нақты жұмыс істеп тұр. Жұмыс істеп тұрған кәсіпкерлік нысандардың 18 255-і жеке кәсіпкер, 4 240-і шағын, 30-ы орта бизнес субъектісі. Ал шаруасын шалқытып отырған қожалықтың саны 136-ны құрайды. Экономика саласында біз қол жеткізген жетістік жыл бойы атқарылған жүйелі жұмыстардың жемісі.

Leave A Reply

Your email address will not be published.