Жұмыссыздықпен күресте мемлекеттік бағдарламалардың тиімділігі зор

0

Әлеуметтік-экономикалық ахуалды тұрақтандыру және жаңа жұмыс орындарын құру мақсатында жұмыспен қамту жол картасы 2020 бағдарламасы шеңберінде республикалық бюджеттен 367 жобаны қаржыландыруға 18,5 миллард теңге бөлінді. Оның ішінде Тараз қаласының бюджетіне 340 жобаны іске асыруға 13,3 миллиард теңге бөлініп, қазіргі уақытта оның 7,3 миллиард теңгесі игерілді.
Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» бағдарламасының 2-бағыты аясында мемлекеттік қайтарымсыз грантқа ағымдағы жылға жоспар бойынша 1000 адамға 555,6 миллион теңге қаржы қарастырылып, бүгінгі таңда республикалық бюджеттен 977 адам 542,8 миллион теңгенің гранты иегері атанды. Ал жергілікті бюджеттен 12,8 млиллион теңге қайтарымсыз қаржы 23 адамға берілді. «Бизнестің жол картасы – 2025» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде субсидия тетігі бойынша 1 миллиард 554,6 миллион теңгеге 32 жоба, кепілдендірілген тетік бойынша 183 миллион теңгеге 12 жоба және инфрақұрылымды дамыту тетігі аясында 80,6 миллион теңгеге 1 жоба қаржыландырылды. Осы бағдарламаның жаңа бизнес идеялар ойлап тапқандарға қайтарымсыз және пайызсыз грант беру тетігі бойынша 247 кәсіпкер құжат өткізіп, 71 миллион теңгеге 22 кәсіпкер грант иегері атанды. «Өңірлерді дамытудың 2025 жылға дейінгі мемлекеттік бағдарламасы» аясында жоғары қазына қаржысынан 4 нысанды іске асыруға 1 миллиард 304 миллион теңге қарастырылып, бұл қаражат ауызсу жүйесінің құрылысы үшін жұмсалды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.