Әлеуметтің әлеуеті әрдайым назарда

0

Тараз қаласында әлеуметтік саладағы барлық жұмыстар тұрғындардың әл-ауқатын арттыруға бағытталған. Соның арқасында жұмыссыздық деңгейі 5,6 пайызды құрап, өткен жылдың деңгейінен 0,2 пайызға төмендеді. Күнкөріс деңгейінің ең төменгі көрсеткіші 29 мың 264 теңгені құрады. Уәкілетті жұмыспен қамту органына ресми түрде жұмысқа орналасуға 9974 адам өтініш білдірсе, оның 8181-і жұмыспен қамтылды. Десе де жылдың 10 айында инфляция 5,3 пайызды көрсетіп, азық-түлік тауарлары 8,1, азық-түлік емес тауарлар 4,4, ақылы қызметтер тарифі 2,4 пайызға өсті.
Медицина саласында мін жоқ деп айта алмаймыз. Оған есепті кезеңде 4 ана өлімі тіркелгені себеп болып отыр. Бұл жайт олардың екі жақты толық сегменттік пневмония, өкпе эмболиясы, COVID-19 коронавирустік инфекциясы сынды төтеннен келген ауруға шалдығуынан болуда.
Ал әлеумет үшін қауіпті дерттің бірі – түберкулез аурушаңдық өткен жылмен салыстырғанда 15,1 пайызға төмендеді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.