Инфрақұрылыммен қамту – күн тәртібінде

0

Өсу-өркендеу бар жерде мәселе де болмай қоймайды. Себебі жұртшылықтың жағдайы жақсарған сайын және халық санының өсуінен қала аумағы ұлғая түсті. Соңғы жылдары тұрғын алқаптарда сырттан көшіп келіп, баспана салғандардың қатары да көбейді. Ол жерлерге инфрақұрлым жүргізу бүгінде өте өзекті мәселе. Бұған осы уақытта қала тұрғындарынан келіп түскен өтініштердің басым көпшілігі саяжайлармен тұрғын алқаптарды инженерлік инфрақұрылыммен қамтамасыз ету мәселесіне қатысты болуы дәлел бола алады. Осы мақсатта қаладағы саяжайлармен тұрғын алқаптарды инженерлік инфрақұрылыммен қамтамасыз ету үшін «Шалғай Қарасу», «Тектұрмас», «Қарасай», «Құмшағал», «Шөлдала», «Көлтоған», «Қызыл-Абад», «Шаңырақ», «Казарма», «Жиделі» алқаптарын, «Құмшағал» станциясын және осы тұрғын алқаптарға жапсарлас орналасқан 28 саяжайды электрмен қамтамасыз ету бойынша құрылыс жұмыстарын бастауға қаржы қарастырылып, мемлекеттік сатып алу конкурсының қорытындысы шықты. Ал ауызсумен қамтамасыз ету бойынша сметалық құжаттамалар енді ғана әзірленді. Бұл құжаттар алдағы жылдың бюджетінен қаржы бөлу үшін тиісті орынға ұсынылмақ.
Жоғарыда аталған алқаптарды газдандыру жұмыстары тұрғындардың бастамасымен жеке құрылыс серіктестіктер арқылы қолға алынды. Мәселен «Құмшағал», «Шөлдала», «Көлтоған», «Қызыл-Абад», «Казарма», «Жиделі» шағынаудандары мен «Құмшағал» стансасына тұрғындардың жеке қаражаттары есебінен газ құбырлары тартылып, пайдалануға беріліп жатыр. 9 саяжай алқабына газ құбыры тартылып, тұрғындар табиғи газ тұтынуда. 19 саяжайға көгілдір отын тарту жұмыстары әлі де жалғасуда. Аталған аумақтағы газдандыру жұмыстары келер жылы аяқталады деп күтілуде.

Leave A Reply

Your email address will not be published.