Таразда құрылыс қарқыны артып келеді

0

Ағымдағы жылы Тараз қаласында «Нұрлы жер» тұрғын үй құрылысы бағдарламасы аясында 3 мың 25 пәтерді құрайтын 54 көпқабатты тұрғын үйдің құрылысы қолға алынды. Оның жетеуі келесі жылға өтпелі болса, 47 үй жыл соңына дейін пайдалануға беріледі. Сүлейменов көшесінің соңындағы 362 гектарда шамамен 8 мың 500 отбасыға арналған 190 көпқабатты үйді құрайтын 15-шағынаудан бой көтеріп жатқаны баршаға мәлім. Ондағы байланыс, кәріз, су және газ құбырлары желілерінің құрылыстары да аяқталып, қазір электрмен қамту, ішкі кварталдық көлік жолының және жылу желілерінің құрылысы жүріп жатыр. Бүгінгі таңда мұнда 80 пәтерлі 26, 60 пәтерлі 4, 45 пәтерлі 5 тұрғын үйдің құрылысы аяқталды. Сонымен қатар өткен жылдан өтпелі 80 пәтерлі 9 және 60 пәтерлі 7 тұрғын үйдің құрылысы әлі жалғасуда. Бұдан бөлек ағымдағы жылы 45 пәтерлі 10 арендалық тұрғын үй бой көтерсе, қосымша 60 және 80 пәтерлі 9 кредиттік тұрғын үй салынып жатыр. Осы жылы Сүлейменов көшесінің соңындағы алқапта 45 пәтерлі 15, 60 пәтерлі 12 және 80 пәтерлі 10 кредиттік тұрғын үй пайдалануға беріледі.
Биыл «Арай» тұрғын алқабынан әлеуметтік жағынан аз қамтылған және көпбалалы отбасыларға арналған 45 пәтерлі 4 үй пайдалануға берілсе, «Бәйтерек» мөлтек ауданында бір подъездік 15 пәтерлі 6 тұрғын үйде қоныс тойы тойланбақ. Сүлейменов көшесінің соңындағы алқапта жеке тұрғын үйлер құрылысы бойынша жеке инвесторлар тарапынан несиеге берілетін бірыңғай сәулеттік стильдегі коттедждік үйлердің құрылысын жүргізу үшін 403 жер телімі белгіленген. Осы жеке тұрғын үйлер бірінші кезекте жер телімін алуға кезекте тұрған азаматтарға Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі арқылы несиеге ұсынылуда. Жалпы бүгінгі таңда үй кезегінде 18 мың 887 адам кезекте тұрса, жоғарыда аталған тұрғын үйлерді пайдалануға берген жағдайда әлеуметтік жағынан аз қамтылған және көпбалалы 765 отбасы пәтерлі болады. Қазір 255 жер теліміне құрылыс жұмыстарын жүргізу үшін 4 мердігермен келісімшарт жасалып, 20 коттедждік үйлердің құрылысы аяқталып, оларға әлеуетті сатып алушылар анықталды. Бұдан бөлек «Автобекет» аумағындағы 100 гектарда болашақта салынатын 14-шағынауданда 5 мың 331 отбасыға арналған 5 қабатты 33, 9 қабатты 27 және 12 көпқабатты 5 тұрғын үй салу жоспарланған. Қазіргі таңда аталған алқап газ және байланыс желілерімен қамтамасыз етілсе, жылумен қамту жұмыстары ағымдағы жылы аяқталады. Жалпы мұндағы инженерлік-инфрақұрылымдарының құрылыс жұмыстарын келер жылы толығымен аяқтау жоспарлануда. Ол жерде әрқайсысы 1200 орындық 2 мектеп, 180 орындық 4 балабақша, 900 науқасқа арналған көпсалалы аурухана және 200 адамдық онкологиялық аурухана секілді әлеуметтік нысандар бой көтермек.Ағымдағы жылы «Нұрлы жер» тұрғын үй құрылысы бағдарламасы аясында 3 мың 25 пәтерді құрайтын 54 көпқабатты тұрғын үйдің құрылысы қолға алынды. Оның жетеуі келесі жылға өтпелі болса, 47 үй жыл соңына дейін пайдалануға беріледі. Сүлейменов көшесінің соңындағы 362 гектарда шамамен 8 мың 500 отбасыға арналған 190 көпқабатты үйді құрайтын 15-шағынаудан бой көтеріп жатқаны баршаға мәлім. Ондағы байланыс, кәріз, су және газ құбырлары желілерінің құрылыстары да аяқталып, қазір электрмен қамту, ішкі кварталдық көлік жолының және жылу желілерінің құрылысы жүріп жатыр. Бүгінгі таңда мұнда 80 пәтерлі 26, 60 пәтерлі 4, 45 пәтерлі 5 тұрғын үйдің құрылысы аяқталды. Сонымен қатар өткен жылдан өтпелі 80 пәтерлі 9 және 60 пәтерлі 7 тұрғын үйдің құрылысы әлі жалғасуда. Бұдан бөлек ағымдағы жылы 45 пәтерлі 10 арендалық тұрғын үй бой көтерсе, қосымша 60 және 80 пәтерлі 9 кредиттік тұрғын үй салынып жатыр. Осы жылы Сүлейменов көшесінің соңындағы алқапта 45 пәтерлі 15, 60 пәтерлі 12 және 80 пәтерлі 10 кредиттік тұрғын үй пайдалануға беріледі.
Биыл «Арай» тұрғын алқабынан әлеуметтік жағынан аз қамтылған және көпбалалы отбасыларға арналған 45 пәтерлі 4 үй пайдалануға берілсе, «Бәйтерек» мөлтек ауданында бір подъездік 15 пәтерлі 6 тұрғын үйде қоныс тойы тойланбақ. Сүлейменов көшесінің соңындағы алқапта жеке тұрғын үйлер құрылысы бойынша жеке инвесторлар тарапынан несиеге берілетін бірыңғай сәулеттік стильдегі коттедждік үйлердің құрылысын жүргізу үшін 403 жер телімі белгіленген. Осы жеке тұрғын үйлер бірінші кезекте жер телімін алуға кезекте тұрған азаматтарға Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі арқылы несиеге ұсынылуда. Жалпы бүгінгі таңда үй кезегінде 18 мың 887 адам кезекте тұрса, жоғарыда аталған тұрғын үйлерді пайдалануға берген жағдайда әлеуметтік жағынан аз қамтылған және көпбалалы 765 отбасы пәтерлі болады. Қазір 255 жер теліміне құрылыс жұмыстарын жүргізу үшін 4 мердігермен келісімшарт жасалып, 20 коттедждік үйлердің құрылысы аяқталып, оларға әлеуетті сатып алушылар анықталды. Бұдан бөлек «Автобекет» аумағындағы 100 гектарда болашақта салынатын 14-шағынауданда 5 мың 331 отбасыға арналған 5 қабатты 33, 9 қабатты 27 және 12 көпқабатты 5 тұрғын үй салу жоспарланған. Қазіргі таңда аталған алқап газ және байланыс желілерімен қамтамасыз етілсе, жылумен қамту жұмыстары ағымдағы жылы аяқталады. Жалпы мұндағы инженерлік-инфрақұрылымдарының құрылыс жұмыстарын келер жылы толығымен аяқтау жоспарлануда. Ол жерде әрқайсысы 1200 орындық 2 мектеп, 180 орындық 4 балабақша, 900 науқасқа арналған көпсалалы аурухана және 200 адамдық онкологиялық аурухана секілді әлеуметтік нысандар бой көтермек.

Leave A Reply

Your email address will not be published.