Індетке қарсы шаралар қарқынды жүруде

0

Таразда коронавирус инфекциясының екінші толқынына дайындық жұмыстары жүйелі жүргізілуде. Медицина мекемелері қажетті дәрі-дәрмек, төсек орын, құрылғылармен толық қамтамасыз етілген.

Әйтсе де індеттің алдын алу үшін мониторинг топтары тарапынан жұмыс істеп тұрған кәсіпкерлік нысандарына рейдтік жұмыстарды жүргізу тұрақты жалғасуда. Бүгінгі күнге дейін 3 мың 368 нысан тексеріліп, 114 хаттама толтырылды. Айыппұлдың көлемі 17,2 миллион теңгені құрады.

Басты мақсат – болуы мүмкін коронавирус инфекциясының екінші толқынының кең таралуына жол бермеу. Осы бағытта білім беру мекемелерінде оқушылар қашықтан оқытылуда. Қашықтан оқытуға байланысты «Daryn.Online» платформасының қызметіне 23 миллион теңге қаражат қарастырылып, мектептер аталған платформамен жұмыс істеп жатыр. Оқытуды тиісті деңгейде ұйымдастыру үшін жергілікті бюджеттен 284 компьютер, 1 мың ноутбук алынды. Республикалық бюджеттен 1250 планшет, 500 ноутбук, 531 компьютер сатып алынып, оқушыларға үлестірілді.

Алдағы уақытта жергілікті бюджеттен 214 және республикалық бюджеттен 5793 компьютерлік құрылғы алынатын болады. Бастауыш сынып оқушылары үшін ата-аналардың өтініштері негізінде 60 мектепте 1242 кезекші сынып ашылып, онда 17044 бала білім алуда. Ал бала саны 300-ден аспайтын 4 мектеп штаттық оқыту форматына көшіп жатыр.

Leave A Reply

Your email address will not be published.