Семинар-кеңес өтті

0

2021 жылғы 10 қаңтарға тағайындалған Қазақстан Республикасы мәслихаттары депутаттарының кезекті сайлауына байланысты, Жамбыл облыстық сайлау комиссиясының ұйымдастыруымен өткен аптаның жұмасы күні аудан бойынша сайлау комиссия мүшелерін оқыту үшін семинар-кеңес өткізілді.

Жиынға Жамбыл облыстық сайлау комиссиясының хатшысы  Марат Абдрасилұлы Абдре және облыстық деңгейде  арнайы  сертификатталған спикерлер Шу аудандық сайлау комиссиясының хатшысы  Бауыржан Шілдебайұлы Стыбаев, Мерке аудандық сайлау комиссиясының хатшысы Гүлмира Букашқызы Далиева, аудандық және учаскелік сайлау комиссияларының төраға, төраға орынбасары және хатшылары қатысты.

Облыстық сайлау комиссиясының хатшысы  Марат Абдрасилұлы семинар-кеңесті ашып, осындай жиындар барлық аудандарда өткізіліп жатқандығын, сайлау науқаны басталғанын, семинар-кеңес барысында Қазақстан Республикасы мәслихаттары депутаттарының сайлауын пропорционалды жүйе бойынша ұйымдастыру мен өткізудің ерекшеліктері, сайлау процесі субъектілерінің құқықтық жауапкершіліктері, сайлаушылар тізімдерін қалыптастыру, сайлау учаскелерінің инфрақұрылымы, мүмкіндіктері шектеулі азаматтардың дауыс беруі үшін жағдайды қамтамасыз ету, Қазақстан Респуб-ликасы мәслихаттары мен Мәжіліс депутаттарын сайлау бойынша сайлау науқанын қаржыландыру, сондай-ақ сайлау комиссияларының мүшелерін электораттық оқытуды ұйымдастыру мәселелері жөнінде айтып өтті.

Мұнан соң сөз кезегін алған Мерке аудандық сайлау комиссиясының хатшысы Гүлмира Букашқызы Қазақстан Республикасы мәслихаттары депутаттарының сайлауын пропорционалды жүйе бойынша ұйымдастыру мен өткізудің ерекшеліктері, Мажоритарлы сайлау жүйесі сайлаушылардың заңмен қарастырылған дауыстарының көпшілігін жинаған кандидат сайланған болып мойындалатын сайлау жүйесі, «ҚР сайлау туралы» ҚР конституциялық заңына сәйкес мәслихат депутаттарын сайлау бойынша сайлау процесін бірнеше кезеңге бөлуге болатындығын, олардың негізгісі: сайлауды тағайындау, мәслихаттар депутаттығына кандидаттар ұсыну, партиялық тізімдерді тіркеу, сайлау алдындағы үгіт-насихат,  дауыс беру және дауыс беру қорытындыларын анықтау,сайлау қорытындыларын анықтау және оларды жариялау, депутаттық мандаттарды бөлу, сайланған депутаттарды тіркеу жөнінде толық мәлімет беріп өтті. Мұнан бөлек аумақтық сайлау комиссиясының мәслихаттар депутаттарының сайлауын өткізудегі басты рөлі мен міндеті әкімшілік-аумақтық бірлік аумағында сайлау заңнамасының орындалуын бақылау, аумақтық сайлау комиссиясы мәслихаттар сайлауының кандидатураларды ұсынудан бастап саяси партиялар арасында депутаттық мандаттарды бөлуге дейінгі барлық негізгі кезеңдерін толықтай жүзеге асырылатындығын, мәслихаттар депутаттарын сайлауға байланысты міндеттер, мәслихаттар депутаттарын сайлау бойынша аумақтық  сайлау комиссиясының өкілеттіктері, мәслихат депутаттарына қойылатын талаптар, мәслихаттар депутаттарын сайлау үшін бюллетеньдер дайындау, сондай-ақ Халықаралық сайлау құқығы және оның ұлттық сайлау заңнамасының дамуындағы рөлі, сайлаудың халықаралық стандарттары жайлы түсіндірді.

Ал, облыстық деңгейде  арнайы сертификатталған спикер, Шу аудандық сайлау комиссиясының хатшысы Бауыржан Шілдебайұлы «Дауыс беру және мәслихаттар депутаттарын сайлау нәтижелері бойынша дауыс беру қорытындыларын анықтау тәртібі» тақырыбында баяндама жасап, сайлаушылар тізімдерін нақтылау, дауыс беру құқығын беретін есептен шығару куәліктері, дауыс беруге арналған үй-жайдан тыс жерде дауыс беру туралы сайлаушылардың өтініштері, дауыс беруге арналған үй-жайларды жабдықтау, учаскелік сайлау комиссиясының дауыс беру күнінің алдындағы күнгі жұмысы, дауыс беруге арналған үй-жай, сайлау бюллетеньдерінің үлгілері, Сайлау учаскесіндегі ақпараттық стендінің мазмұнын, айтып өтті. Сондай-ақ, УСК мүшелерімен комиссияның сайлау күнгі жұмысын ұйымдастыру бойынша практикалық сабақтың өткізілуі, сайлау бюллетеньдерін беру, дауыс беруге арналған үй-жайдан тыс дауыс беруді өткізу, дауыс беру аяқталғаннан кейін дауыстарды санауды жүргізу, хаттамаларды толтыру бойынша да айтып, слаид арқылы көрсетіп, түсіндірді.

Сонымен қатар, аудандық және учаскелік сайлау комиссияларының төраға, төраға орынбасары және хатшылары  арасында «Іскерлік» ойынын өткізді.

Спикер сайлаушыларды қабылдау және дауыс беруді ұйымдастыру, дауыс беру орнына жеке басын куәландыратын құжатсыз келген, әскери қызметкер еңбек демалысына шыққан жағдайда қалай дауыс береді, мүмкіндігі шектеулі азаматтардың дауысы қалай алынады, жарамсыз бюллетеньдер болған жағдайда не істесе болады деген сұрақтар қою арқылы, оған тиісті жауаптар алды. Сонымен қатар учаскелік комиссиялардың орналасқан жеріндегі, дауыс беру пункттеріндегі қажетті материалдардың бәрі, материалдық-техникалық базасы, қажетті құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілуі де сөз болды.

Ал, мүмкіндігі шектеулі азаматтар келген жағдайда тек өздерімен бірге келген сенімді азаматтар ғана көмектесе алатыны және үйден дауыс беруді ұйымдастыруды да айтып өтті. Сайлау заңнамасы нормаларының бұлжытпай сақталуын қамтамасыз ету және әр азаматтың өзінің конституциялық сайлау құқығын іске асыру үшін барлық қажетті жағдайларды жасау-сайлау комиссиясының басты міндеті болып табылатындығын жеткізді.

Семинар соңында сайлау комиссия мүшелері көкейлерінде жүрген сұрақтарын қойып, оған тұшымды жауаптар алды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.