Бір тоқсандағы толайым жетістіктер

0

Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында ұйымдастырылған   шығармашылық жарыстар мен байқаулар оқушылар мен орта арнаулы оқу орындарының шығармашылық деңгейін ұштастыруға бағытталған. Сарысу ауданы әкімдігі білім бөлімінің Техникалық шығармашылық орталығының педагогикалық ұжымымен үйірме оқушылары 2020-2021 оқу жылдың бірінші тоқсанында аудандық, облыстық, республикалық шығармашылық байқауларға қатысып, жоғары жетістіктерге ие болуда.

Осының нәтижесінде Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының VII облыстық жас техниктермен өнертапқыштардың (әуе, авто, кеме, зымыран үлгілерін жасау бойынша) қашықтықтан 2020 жылдың 2 қыркүйек күні шығармашылық жарысы өткізіліп, оған орталықтың «Кеме үлгілеу, Автобагги, Ұшақ үлгілеу» үйірмесінің оқушылары Арқабай Әділет, Ілияс Нуриддин, Рахымберлі Жанболат және Жекен Рамазан қатысып, облыстық білім басқармасының ІІ – ІІІ дәрежелі дипломдарымен марапатталды. Сонымен қатар  «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру аясында 2020 жылдың 28 қыркүйек күні онлайн режимінде «Ұлы өнертапқыштыққа алғашқы қадам» атты  облыстық инновациялық идеялар байқауына  Сарысу ауданы әкімдігі білім бөлімі басшысының 22 қыркүйек күнгі  № 317 бұйрығымен аталмыш байқаудың аудандық 12 жеңімпазы қатыстырылды. Нәтижесінде облыстық білім басқармасынан арнайы құрылған әділ – қазылар алқасының шешімімен «Авто — ХІІ» үйірмесінің оқушылары Сағындық Исатай, Сенбекқызы Сагина, Ибрагимов Дастан, «Жас инспектор» үйірмесінің оқушылары Жұман Қасымхан, «Ауыл шаруашылығы өндірісінің технологиясы» үйірмесінің оқушысы Шайхан Ермахан, «Ұшақ үлгілеу» үйірмесінің оқушысы Таңатар Жанайдар І —  дәрежелі дипломдармен, «Техникалық көркем еңбек» үйірмесінің оқушысы  Мәжит Медина, «Ауыл шаруашылық өндірісінің технологиясы» үйірмесінің оқушысы  Лесбекұлы Елдос, «Кеме үлгілеу» үйірмесінің оқушысы Сағындық Біржан, «Конструкциялық материалдарды өңдеу» үйірмесінің оқушысы Ізмұқан Інжу ІІ —  дәрежелі және «Авто — ХІІ» үйірмесінің оқушысы Издаш Ерасыл, «Кеме үлгілеу» үйірмесінің оқушысы  Арқабай Әділет ІІІ — дәрежелі дипломдармен марапатталды.  Облыстық байқауда І дәрежелі дипломмен марапатталғандар «Ұлы өнертапқыштыққа алғашқы қадам» инновациялық идеялардың республикалық байқауына  төмендегі көрсетілген номинациялар бойынша қатысуға жолдама алды.

Атап айтар болсақ, «Автокөліктің қолданыстағы модельдерін әзірлеу саласындағы техникалық құрастыру» номинациясы бойынша «Жол таңдамайтын көлік» оқушысы Сағындық Исатай жетекшісі Қыстаубаев Айболат, «Өндіріс саласындағы техникалық құрастыру» номинациясы бойынша «Электр құм елегіш» оқушысы Кәрібай Шадияр жетекшісі Бұзауов Абылқасым, «Ауыл шаруашылық техникалар мен жабдықтар саласындағы техникалық құрастыру» номинациясы бойынша «Тыңайтқыш шашатын машина үлгісі» оқушысы Қуатбек Абдрахман жетекшісі Жетпісбаев Жомарт, «Құрылыс облысындағы жобалар» номинациясы бойынша «Орталық ғимаратының макеті» оқушысы Сенбекқызы Сагина жеткшісі Ынтымақов Мади, «Жылу энергетикасы электр энергетикасы баламалы энергетикасы саласындағы жобалар» номинациясы бойынша «Биогаз қондырғысы» оқушысы Шамшидинов Бақдаулет  жетекшісі Жұмағұлов Нұрлыбек, «Авиация саласындағы жобалар» номинациясы бойынша «Кордалы жарты копия контурлы моделі» оқушысы Таңатар Жанайдар жетекшісі Омарбаев Ерқанат. Осы облыстың атынан қатысатын 6 шығармашылық жұмыстың оқушылары мен жетекшілеріне республикалық байқауда  сәттілік тілейміз.

(Суретте: Орталық директоры Мұхтар Ибрагимұлы Мельдеев облыстық байқауда жүлдегер болған үйірме оқушыларына облыстық білім басқармасы басшысының бірінші дәрежелі дипломдарын табыс етуде).

Қ. Қалдарбеков,

орталық директорының

орынбасары

Leave A Reply

Your email address will not be published.