Сарысу ауданының әкімі Б.Жақсылықовтың 1 желтоқсан — Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне арналған құттықтауы

0

Құрметті сарысулықтар!

Баршаңызды халқымыз үшін ерекше маңызға ие мереке — Тұңғыш Президент күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Бұл күн — біздің өз тағдырымызды өзіміз айқындауымызға алғашқы нақты қадам жасаған мемлекеттің мерейлі күні.

Ұлт көшбасшысы сындарлы шақта бірлік пен елдікті, татулық пен достықты ту етіп, тәуелсіздігімізді баянды, егемендігімізді еңселі ете білді.

Еліміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың көрегенді басқаруының нәтижесінде тарихи табыстарға қол жеткізді. Бүгінде, халықаралық қауымдастық Қазақстанды өңірлік көшбасшы, тату көрші, сенімді әріптес ретінде құрметтеп, еліміздің өсіп-өркендеуін оң бағалауда.

Басқарудың президенттік формасы мен тәуелсіздіктің жиырма тоғыз жылдық тәжірибесі біздің ел үшін тиімді болып, ішкі және сыртқы саясаттың негізгі бағыттарын айқындауға мүмкіндік берді.

Қазақ елінің тәуелсіздік алғаннан бергі бағындырған шыңдары жетерлік. Тарих үшін қас-қағым сәт болғанымен аз ғана уақыт ішінде буыны енді беки бастаған ел әлемдік деңгейдегі алпауыттармен иық тірестіріп, тың бастамаларға ұйытқы бола алатындығын да паш етіп отыр.

Мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» атты бағдарламасы — мемлекеттік идеологияны айқындайтын бас-ты құжатымызға айналып, жаңа міндеттер алдымызға қойылды.

Бүгінде, Тәуелсіз еліміздің қол жеткізген барлық жетістіктері бірінші кезекте — Тұңғыш Президент есімімен тығыз байланысты.

Барша әлем Қазақстанды Елбасымыздың дана, әрі дара саясаты арқылы таниды десек артық айтқандық емес.

Сарысу ауданы да Қазақстанның басқа аймақтарымен бірге егемен еліміздің дамуына өзіндік үлесін қосып келеді. Игі істер жүзеге асып, әлеуметтік-экономикалық әлеуетіміз күн санап жақсара түсуде.

Биылғы істердің барлығы – мемлекеттің сындарлы саясатының, тәуелсіздігіміздің, ел бірлігі мен ағайын татулығының арқасында ғана мүмкін болып отыр.

Қадірменді жерлестер!

Сенім мен ізгі тілектің бастауы болған — Тұңғыш Президент күні құтты болсын!

Баршаңызға мықты денсаулық, отбасыларыңызға амандық, бақ-береке тiлеймiн!

Еліміздің болашағы — баянды, келешегі — кемел болғай!

Өзің болдың Көшбасшысы елімнің

Құрметті аудан тұрғындары!

Сіздерді 1 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!

Бүгінде Қазақстан тұрақты орныққан ұлтаралық келісімді, қоғамдық өмірдің барлық бағыттарында өзгерістерге қол жеткізген, экономикасы, ғылымы мен мәдениеті тұрақты дамып келе жатқан мемлекетке айналды. Қазақстан елі өзінің қарыштай дамуымен және бейбіт саясатымен күллі әлемге танылып отыр. Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев сындарлы шақта бірлік пен елдікті, татулық пен достықты ту етіп, тәуелсіздікті баянды, егемендікті еңселі ете білді.

Әлемдегі жоғары дамыған өркениетті мемлекеттермен тәуелсіз Қазақстан терезесі тең, беделі жоғары, болашағы зор мемлекет болып қалыптасты. Алдағы кезеңдерде де егеменді еліміздің мерейі үстем болып, көк туымыздың биіктерден желбірейтініне сеніміміз мол. Қазақстан әлемнің алпауыт елдерімен тең дәрежеде әріптестік орнатып, ғаламдық маңызды бастамалардың ордасына айналды. Әлем жұрты елімізді көптеген игі істермен танып-білуде. Бұл жүйелі жоспар мен қажырлы еңбектің арқасы.

Қадірменді жерлестер!

Сіздерге зор денсаулық, отбасы-ларыңызға амандық, ынтымақ пен береке тілеймін. Әрдайым аспанымыз ашық, жұртымыз тыныш болсын!

Leave A Reply

Your email address will not be published.