Комиссия отырысы өтті

0

Сарысу ауданы әкімдігі жанындағы мемлекеттік рәміздер жөніндегі комиссияның кезекті отырысы өтті. Жиынға аудан әкімінің орынбасары Лаура Нұрмаханова  төрағалық етті. Комиссия отырысына аудан әкімдігі бөлімдерінің  басшылары, ауылдық округ  әкімдері қатысты.

Жиын барысында Мемлекеттік мекемелерде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздерін пайдалану және қолдану барысы қаралды.

Аталған мәселе бойынша аудан әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің басшысы Құдайберген Жамбылұлы Рысдәулет баяндама жасап, зерделеу қорытындысымен таныстырды.

Аудандық комиссияның бекітілген жоспарына сәйкес барлық мекемелерге, білім ошақтарына мониторинг жүргізілген болатын. Зерделеу барысында бірқатар мекемелерде, мектептерде Мемлекеттік Тудың жыртылған, кірленген, тозған қалпында қолданылуы, Елтаңбадағы «Қазақстан» сөзінің латын графикасына ауыстырылмауы сияқты деректер анықталған.

Аталған кемшіліктер зерделеу аяқталғанға дейін түзетіліп, қалпына келтірілді. Ал, қалған мекемелер орын алған кемшіліктерді үш күн ішінде түзететін болды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.