Егіншілер судан таршылық көрмейтін болады

0

Ауданда қазіргі таңда 2 су қоймасы мен 16 ішкі су жүретін канал, 8 бөгет және аудан аумағынан 6 өзен ағып өтеді. Соның бірі «Жаңа Кәрітоған» арқылы су өтетін «Сарыөзек» су каналынан 5 ауыл егістікке су алады. Бұл каналдың су өткізу қабілеті секундына 1 текше метр су ағызуға қауқарлы. Сондай-ақ «Ынталы» су қоймасы 1975 жылы пайдалануға берілген, сиымдылығы 30 миллион текше метр. Бұл қойма «ҚазСушар» РМК Жамбыл филиалының теңгерімінде. Бүгінгі таңда су қоймасында 6 миллион текше су қоры бар. Су қоймасына су құятын «Шабақты» өзенінің бойында 6 қақпақты су реттегіш құрылғы және ұзындығы 3,9 шақырым «Ынталы» арнасының бас жағында 3 қақпақты су реттейтін құрылғы орнатылған. «Ынталы» су қоймасында екі су шығары (шлюз) бар, бірінші су шығар 3,0 мың л/сек. су ағызады, ал екінші су шығар ол қауіпті жағдайда су ағызады, оның су ағызу мүмкіндігі 0,5 мың л/сек.

Ынталы су қоймасының жөндеу жұмыстарына 589 миллион теңге қарастырылып,  ашып-жабатын құрылғыларды автоматтандыру, дамбасын нығайту жұмыстары іске асырылмақ. Сонымен қатар Шабақты бас су реттегіш құрылғысына жарық тартылмақ.

Leave A Reply

Your email address will not be published.