«Асыл тұз» – сарысулық өнім

0

Сондай-ақ Жаңатас қаласында 2018 жылдан бастап йодталған ас тұзын өндіретін «Асыл тұз» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі қалыпты жұмыс атқарып келед екен. Кәсіпорынға теміржол тұйығын тарту бойынша «Бизнестің жол картасы – 2025» бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы аясында облыс әкімдігінің салалық басқармасына қажетті құжаттар тапсырылған. Жоба жүзеге асырылған жағдайда өндіріс көлемі артып, өткізу нарықтары кеңеймек. Нәтижесінде Сарысудың бал татыған шұбаты мен татсаң таңдайдан дәмі кетпейтін қымызынан бөлек, «Жаңатаста жасалған» деген брендімен айдарланған ас тұзын да талайға танытуға болады.

– Бүгінде тәулігіне 60-70 тонна өнім өндіріп жатырмыз. Шикі зат Қамқалы округінен әкелінеді. Негізінен өндірген өніміміз еліміздің 14 облысынан бөлек Ресей, Қырғызстан, Өзбекстан және Қытай елдеріне экспортталып жатыр. Жергілікті билік алдағы уақытта темір жол тұйығын салып беруді жоспарлап отыр. Егер бұл бастама жүзеге асса зауыт өнімі ұлғайып, экспорт көлемі де артады, – дейді ауысым жетекшісі Әлжан Сүлеймен.

Leave A Reply

Your email address will not be published.