Тұрғын үй мәселесі басты назарда

0

Қазіргі таңда аудан орталығы Жаңатас қаласында халықты тұрғын үймен қамту мәселесі де бір жолға қойылған. Мәселен, онда «Жұмыспен қамту жол картасы бағдарламасы» аясында 2-шағын аудан №24, 26 көпқабатты тұрғын үйлерді қайта жаңғырту жұмыстары жүруде. Сонымен қатар аталған үйлерге сыртқы электр желілерін қосу жұмыстарына мемлекеттік сатып алулар арқылы мердігер ретінде «Динат-Жаңатас» ЖШС анықталыпты. Мердігер қазіргі таңда сыртқы абаттандыру жұмыстарын жүргізіп жатыр екен.

– Қазір мұндағы жұмыс 95 пайызға аяқталды. Желтоқсан айында пайдалануға беру жоспарда. Бүгінде Жаңатас қаласында 1779 азамат пәтер кезегінде тұр. Осындағы пәтерлер сол тізімдегі азаматтарға, яғни бірінші кезекте жетім балаларға беріледі. Осы мақсатта тұрғын үй комиссиясы тиісті жұмыстарды атқару үстінде. Сонымен қатар көпбалалы отбасылар, бюджеттік мекеме қызметкерлеріне осы тұрғын үйден пәтер алатын болады, – аудан әкімінің орынбасары Ерлан Имашев.

Жалпы Жаңатас қаласында соңғы 5 жылда 13 үй қайта жөндеуден өтіп пайдалануға берілген. Алдағы уақытта тағы екі тұрғын үйдің жобалық сметалық құжаттары рәсімделіп, қайта жөндеуден өткізілмек.

Leave A Reply

Your email address will not be published.