«BIZ BIRGEMIZ» акциясы өтті

0

Жастар қашан да жақсылықтың жаршысы бола білу керек. Еліміздің алға қойған ұлы мақсаттар барысында жалынды жастардың қосатын үлесі зор болмақ. Еріктілер жылы аясында ерен еңбек етіп жүрген Сарысулық өрендер бүгінде жарап тұр. Үстіміздегі жылдың 21 қарашасында Жаңатас қаласында Сарысу ауданы әкімдігі ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығы» КММ-НІҢ ұйымдастыруымен «BizBirgemiz» акциясы өткізілді. Игі бастаманың мақсаты — жастарды қоғамдық шараларға тарту болып табылады. Акция барысында Жаңатас қаласында жұмыс жасап жүрген қоғамдық жұмысшыларға ыстық шәй мен тәтті бәліштер үлестірілді. Сондай ақ, Жамбыл облысы әкімдігі жастар саясаты мәселелері басқармасының қолдауымен қаламыздағы тұрмысы төмен көп балалы отбасыларға планшет таратылды. Акцияға қолдау көрсеткен барша жастарға аналар алғысын білдіріп, жұмыстарға сәттілік тіледі.

Leave A Reply

Your email address will not be published.