Қылмыс саны 57-ге кеміді  

0

       Мемлекетіміздің  ең үлкен қазынасы  — адам және оның өмірі саналады. Сондай-ақ халықтың құқығы мен бостандығының қорғалуы  да маңызды мәселе. Сондықтан да жылда құқық саласына көрсетілер қолдау артып, есесіне тұрғындардың қауіпсіздігі жіті бақылануда.

Мәселен Сарысу ауданында 2020 жылдың қаңтар — қазан айларында жалпы 152 қылмыс тіркелсе,  былтырғы жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда қылмыс саны 57-ге  төмендеген. Қылмыстың ашылу деңгейі 82,8 пайызды құрап, өткен жылмен салыстырғанда 0,9 пайызға азайған.

Жыл басынан бері аудан аумағында барлығы 11 жол көлік оқиғасы тіркелсе,  соның салдарынан 13 адам дене жарақаттарын алып, 2 адам қайтыс болып отыр. Ал  2019 жылдың 10 айында аудан аумағында барлығы 16 жол көлік оқиғасы орын алса,  41 адам дене жарақаттарын алып, 3 адам қаза болған.

Leave A Reply

Your email address will not be published.