Рухани жаңғырудың қайнар көзі – мәдениет

0

Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Рухани жаңғыру» және «Ұлы даланың жеті қыры» сынды жобалары түп тамыры мәдениеттен бастау алатындығы белгілі. Сондықтанда да мәдениет пен тілдер саласы ел саясатының айнымас бір бөлігі.

Бұл бағытта Сарысу ауданында ауыз толтырып айтарлықтай тірлік бар. мәселен  2020 жылдың қаңтар — қазан айларының қорытындысы бойынша мәдениет саласында барлығы 92936 адам қатысқан 1462 мәдени іс-шаралар (кітапхана – 876, клубтар -586) өткізілген.  Оның ішінде ауылдық жерде 1093 іс-шара болса, қатысушылар саны – 64 570 адамды құраған.

Мәдениет нысандарында кітап қорының жалпы саны – 435774 дана болса, мемлекеттік тілде -238146, жаңа түскен әдебиеттер саны – 6216, кітап берілімі – 145675,оқырман саны – 9294 адам, келім саны -91376 адамға жетіп отыр. Кітапханалар «КАБИС» және «РАБИС» бағдарламасымен жұмыс атқарады. Дерекқорға енгізілгені – 441007 дана.

Leave A Reply

Your email address will not be published.