Білім саласы өркениет көшінен бір елі қалмауда   

0

Сарысу ауданының білім беру жүйесінде жалпы білім беретін               27 мектеп, 9 қосымша білім беру мекемелері, 11 балабақша, 14 шағын орталық және 1 психологиялық-педагогикалық түзету кабинеті жұмыс жасауда.

2020-2021 оқу жылы 556 сыныптағы 9 209 оқушымен басталып, өткен оқу жылымен салыстырғанда жалпы оқушылар саны  330 оқушыға артқан. Биылғы оқу процесі 2 форматта жүргізілуде. 5085 оқушы дәстүрлі үлгіде  және 4124 оқушы қашықтықтан білім алуда.

1-6 жас аралығында қамтылған балалар саны 2 320 болса,  қамтылуы үлесі 93,8 пайызды құрайды. Ал 3-6 жас аралығында қамтылған балалар саны 1 372 бала болып, қамтылуы үлесі 100,0 пайызды көрсетуде.

Аудандағы барлық 27 мектептер  71 заманауи модификациялық кабинетпен жабдықталған. 17  мектеп робототехника кабинеттерімен қамтылған. Мектептегі робототехника үйірмелерінде барлығы 2710 оқушы тәлім алуда.

Бұдан бөлек аудандағы  7 мектепте   ІТ-сынып  жұмыс жасауда.

2020 жылға мектептерге бейнебақылау камераларын орнатуға 41 434,0 мың теңге бөлініп, 448 дана сандық режимдегі бейнебақылау камералары орнатылған. Қазіргі таңда 448 дана сандық режимдегі және 190 дана аналогты режимдегі, барлығы 638 дана бейнебақылау камералары жұмыс жасауда.

«Жұмыспен қамту жол картасы» бағдарламасы бойынша157,5 миллион  теңгеге Ақтоғай орта мектебі күрделі жөндеуден өтсе,  «Ауыл – Ел бесігі» бағдарламасы аясында  79,9 миллион  теңгеге Жаңаталап орта мектебі ғимаратына күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.