Туу көрсеткіш 134 нәрестеге артқан

0

Денсаулық сақтау саласында Сарысу ауданында жүйесін тапқан жұмыстар жетерлік. Соның есесінен аурушаңдық азайын, жаңа нысандар ел игілігіне берілуде. 

Мәселен ағымдағы  жылдың қаңтар-қазан айларында 864 нәресте дүниеге келіп, 2019 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда туу көрсеткіші  134 нәрестеге артқан.

Ауру деңгейі  1 000 адамға шаққанда 2020 жылдың қаңтар-қазан айларында 3800 науқасты құрап, 2019 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 8 118 адамға төмендеді.

Қатерлі ісікпен аурушаңдық 40 науқасты құрап, 9 адамға төмендеген   (2019 жылы – 49 адам). Сарып ауруы бойынша 2020  жылы  қаңтар-қазан айларында 40 науқас тіркелген (2019 ж. — 24).

2020 жылы денсаулық сақтау саласы бойынша 3 нысанда (Жаңатас қаласындағы жұқпалы аурулар бөлімшесі, Саудакент ауруханасының емдеу корпусы және Саудакент ауылдық бөлімшесі) 615 миллион  306,3 мың теңгеге күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп, игілігін ел көріп отыр.

Leave A Reply

Your email address will not be published.