Сарысуда жұмыссыз жүрген жан жоқ

0

Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті  дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы аясында Сарысу ауданында бүгінгі күнге жұмыс сұрап өтініш білдіргендердің саны – 3 092 азаматты құраған.  Жыл ішінде 4375 адам белсенді шаралармен қамтылып отыр.

Бағдарламаның бірінші бағыты «Техникалық және кәсіптік біліммен және қысқа мерзімді кәсіптік оқумен қамтамасыз ету» бойынша  131 азаматты қысқа мерзімдік кәсіптік оқыту жоспарланса, бүгінде 131 азамат оқу курсынан өтіп, оның 126-ы жұмысқа орналасқан. 5 азамат қайтарымсыз грант алған.

Екінші бағыт – «Жаппай кәсіпкерлікті дамыту» шеңберінде 27 азаматқа 94 800,0 мың теңге шағын несие беру көзделсе,  «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау» қоры арқылы мал шаруашылығына 84 азамат жолдама алып,  оның ішінен 29 адам несиеге қол жеткізген.  Игерілген қаржы – 113,5  миллион  теңге.

Жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға арналған мемлекеттік грант беру бойынша 2020 жылғы кешенді жоспар — 487 адам болса, қаралған қаржы 265,3 миллион  тенге. Бүгінгі күнде 487 азаматқа қайтарымсыз мемлекеттік грант беріліп, қаралған қаржы толығымен игеріліп отыр.

Халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және еңбек ресурстарының ұтқырлығы арқылы еңбек нарығын дамыту бағыты бойынша болса, әлеуметтік жұмыс орындарына 137 адам жолданып, 13,1 миллион  теңге мақсатты жұмсалған.

«Жастар практикасын» ұйымдастыруға келсек,  260 жас маман жолданып алып, оның 88,1 пайызы тұрақты жұмыс орнын тауып кеткен.

Leave A Reply

Your email address will not be published.