Сарысулықтар мемлекеттік бағдарламаларды мүлт жібермеуде

0

Жыл басынан бері Сарысу ауданында «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасы» аясында 7 кәсіпкер екінші деңгейлі банктер арқылы 68 миллион  теңге несие алуға құжаттар тапсырған.  Бүгінгі күнге 1 жоба 6,2 миллион  теңге қаржысын алса, 12,0 миллион  теңгенің 1 жобасы мақұлданып отыр. 1 жоба қаралуүстінде. 

Сонымен қатар, осы бағдарламаның екінші бағыты жаппай кәсіпкерлікті дамыту бойынша 36 азаматқа 147,3 миллион  теңге берілген.

«Бизнестің жол картасы-2025» бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде екінші деңгейлі банктер арқылы 58,0 миллион  теңге несие алуға 6 жобаның құжаттары ұсынылған (Есқұлова Азиза — 5,0 млн. теңге, А.Абилдаева – 5,0 млн. теңге, Ш.Абжаппарова – 6,0 млн. теңге, П.Ерубаев – 12,0 млн. теңге, барлығы «Халық банкі»  Абилдаева Рахат – 15,0 млн. теңге, Кузекбаева А. – 15,0 млн. теңге. ВТБ банкі). Бүгінгі күнге 2 жоба – 20 миллион  теңгеге қаржыландырылып,  27 миллион  теңгенің  2 жобасы мақұлданса, 1 жоба – 6,0 миллион  теңге қаралуда.

     Бұдан бөлек,  «Саудакент несие серіктестігі» ЖШС бойынша 5 азамат 17,5 миллион  теңге, «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» арқылы 5 жобаға 24,0 миллион  теңге және «КМФ» қаржы ұйымы арқылы 2032 азаматқа 1 миллиард  112,1 миллион  теңге қаржы берілген.

Leave A Reply

Your email address will not be published.