Сарысуда  спортты жанына серік еткендер көбеюде

0

Салауатты өмір салты – заман  талабы. Сондықтан да бүгінде халықты бұқаралық спортқа тарту бағытында бағдарлы бастамалар жүзеге асуда. Оның есесінен спортты жанына серік еткендердің саны күн санап артуда.

Сарысу Аауданында жалпы 181 спорт нысаны бар. Оның ішінде жеке               меншік стадион – 1, спорт кешені – 1, спорт алаңшалары 110 (о.і. Жаңатас қаласында – 32), футбол алаңдары – 26 (о.і. Жаңатас қаласында – 6), спорт залдары – 30 (о.і. Жаңатас қаласында – 12), орнатылған спорт залдары – 13 (о.і. Жаңатас қаласында – 4).

2020 жылдың қаңтар-қазан айларында ауданда 2 677 адам қатысқан 30 спорттық іс-шаралар өткізіліп, бұқараның дені тартылған.

Жыл басынан бері халықаралық және елімізде өткізілген жарыстарда аудан спортшылары барлығы 142 медальға ие болып отыр (44 алтын,39 күміс, 59 қола).

Аудан тұрғындарының дене шынықтыру және спортпен жүйелі түрде шұғылданушыларының саны – бүгінде 31,5 пайыз. Бұл 2020 жылға дейін Елбасы жүктеген тапсырманың артығымен орындалғанын айғақтайды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.