Әлеуметтің әлеуеті – басты назарда

0

Әлеуметтің әлеуетін арттыру еліміздің ұстанған басты бағыттарының бірі. Сарысу ауданында да тұрғындардың тұрмысын түзеу бағытында қыруар тірлік атқарылуда.

Атап айтсақ, жыл басынан бері атаулы әлеуметтік көмекке 697 отбасының өтініштері қабылданып, 639 отбасына (3 434 адам) тағайындалған. Оның ішінде шартты ақшалай көмек 496 отбасына, шартсыз атаулы әлеуметтік көмек 510 отбасына берілген.

      Бұдан бөлек,  қаңтар-қазан айларында 6 062 адамға 282,8 миллион  теңгеге әлеуметтік көмектер көрсетіліп, жергілікті билік бұқараның алғысына бөленген.

  Жекелей айтсақ, ауылдық елді мекендерде тұрып жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім, мәдениет, спорт және ветеринария салаларының  мамандарына   отын сатып алу үшін – 11 288,0 мың теңге қаржы қаралған. 1 319 маманға 10,8 миллион  теңге  жеке шоттарына аударылған.

Жаңа форматтағы атаулы әлеуметтік көмек бойынша жыл басынан бері 641 аз қамтылған отбасындағы 3 443 адамға 209,5 миллион теңге төленіп,  кепілдендірілген әлеуметтік пакенттер ұсыну үшін 1-3 және 3-6 жас аралығындағы барлығы 633 баланың тізімі жасалып, «Магнум» ЖШС-мен 36,7 миллион  теңгеге  аванстық төлем жүргізілген.

Ал мүгедектерге инватакси қызметін көрсетуге 11 645,0 мың теңге қаралып, есепті мерзімде             10 000,0 мың теңгесі игеріліп отыр. Айына орта есеппен 46 мүгедектен 124 шақыртулар келіп түсуде.

Leave A Reply

Your email address will not be published.