Сарысуда төрт түлік саны өсіп келеді

0

Бүгінде төрт түлік мал алуға бағытталған мемлекеттік бағдарламалар аз емес. Бір ғана «Құлан», «Сақа», «Сыбаға» сынды бағдарламалар талай шаруанының қорасын малға толтырды. Бұл бағыттағы жұмыстар әсіресе аудандық жерде айрықша көрініс табуда.

Мәселен  Сарысу ауданында мемлекеттік бағдарламалардың арқасында

мүйізді ірі қара — 22 365 басқа, қой мен ешкі – 208 569 басқа, жылқы – 7 681 басқа, түйе –  2 546  басқа және  құс – 23 895 басқа жеткізілген.  Бұл көрсеткіш өткен жылдың есепті кезеңімен салыстырғанда  мүйізді ірі қара – 2 061 басқа, жылқы —    1 198 басқа, түйе – 463 және  құс — 183 басқа артқанын көрсетіп тұр.

МІҚ аналық басымен селекциялық асылдандыру жұмыстарын жүргізу бойынша аудан көлемінде 53 шаруа қожалық 3 800  аналық бас алып , субсидия  өтінім берген. Осылайша ауданның жоспары жүз пайызға орындалып отыр.

Қозы етін экспорттау бойынша биылғы жылға бекітілген жоспар –     180 тонна болса, жыл басынан бері ауданнан «Мерке Ет комбинаты» ЖШС-не 1 821 бас қозы (34,7 тн) өткізілген.

Биылғы жылы бордақылау алаңына 1 193 бас бұқашық өткізу жоспарланған болса, жыл басынан бері ауданнан 77 бұқашық бордақылау алаңына жіберілген.

Leave A Reply

Your email address will not be published.