Игерусіз жатқан жерлер мемлекет меншігіне қайтарылуда  

0

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа арнаған Жолдауында жер барынша тиімді пайдаланылуы керектігін  баса айтқан белгілі. Осыған орай бүгінде өңір-өңірлерде ауқымды жұмыстар жүргізілуде. Бұл сенім үдесінен сарысулықтар да шығып отыр.

Мәселен бүгінгі күнге мемлекетке қайтқан  53 жер көлемі 11 835,249 гектар  болып отыр.  Оның 450,45 і егістік, суармалы егістігі  253 гектар, қалғаны 11371,799 гектар  жайылымдық жерлер.

Сарысу ауданы бойынша жыл басынан бері кәсіпкерлік мақсатта                3 аукцион ұйымдастырылып, нәтижесінде көлемі 6,4 гектар 23 жер учаскесі сатылып, аудандық бюджетке 7,4 миллион  теңге түсім түскен.

Бұдан бөлек биыл  аудан бойынша ауыл шаруашылығы жерлеріне конкурсқа  —  барлығы 10 жер учаскесінің (7 562,3 га) (оның ішінде 820,5 га егістік (оның суармалысы 97,3 га, тәлімі 723,3 га), жайылымдық 3 948,8 га, шабындық 2 793,0 га)   құжаттары дайындалып, өткізіліп отыр. Жер учаскелерін сатудан аудан бюджетіне 25,5 миллион теңге көлемінде түскен түсім бар.

Leave A Reply

Your email address will not be published.