Ауыл шаруашылығы техникасы жыл санап жаңаруда

0

Аграрлық саланы алға жетелейтін бірден-бір тетік – техника екені белгілі. Сондықтан да жергілікті билік жыл өткен сайын ауыл шаруашылығы техникасын жаңартуға күш салуда. Сарысу ауданы да бұл бағыттағы жұмысты жүйеліп етіп, техникасын барынша жаңартуда.

 Мәселен, биыл ауданда ауыл шаруашылығы техникаларының жаңару жоспары — жалпы техника санының 10,0 пайызын (66 дана техника) құраған. Бүгінгі күнге 327,3 миллион  теңгеге 77 дана техника (2 комбайн, 12 дөнгелекті трактор, 19 басқа қосалқы құрылғылар мен 44 тіркеме) сатып алынып отыр.

Осы техникамен  мал азығы үшін 31310,0 гектар жер шабылып,  98,8 мың тонна пішен және7,7 тонна сабан дайындалған.

Leave A Reply

Your email address will not be published.