Жылдық жоспар артығымен орындалды  

0

Сарысу ауданында асыраушы сала алшаң басуда. Бұған жыл ішінде жеткен жетістіктер дәлел бола алады. Мәселен биылғы жылы 13345,0 гектар жер сүдігер жыртылса,  1011,0 гектар жер көктемгі дала жұмыстарына дайындалуда.

 Бұдан бөлек, биыл жаздық арпаны 4600,0 гектарға (2019 жылы 4587,7 га, 100,3%), дәндік жүгеріні 1000,0 гектарға (2019 жылы 985,3 га, 101,5%), мақсарыны 7220,0 (2019 жылы 7100,3 га 101,7%), картоп 40,0 гектар (2019 жылы 40,0 га, 100,0%), көкөніс дақылдары 230,0 гектар (2019 жылы 224,0 га, 102,7%), бақша дақылдары 310,0 гектар (2019 жылы 305,0 га, 101,6%), жаңадан себілетін көпжылдық шөптер 859,0 гектар (2019 ж. 850,0 га, 101,1%), оның алдыңғы жылдардағы көпжылдық шөптер – 3719,0 гектар (2019 ж. 3684,8 га, 100,9%), және 1486,9 гектар  (2019 ж. 2000,0 га, 74,3%) сүр көтеру жоспарланған.

      Жазғы дала жұмыстары барысында 5158,0 гектар жаздық арпа орылған. Әр гектардан орташа өнімділігі 20,1 центнерден өнім алынған. Жалпы жиналған өнім көлемі 10368,4 тонна. 3577,0 гектар күздік бидайдың соңғы орылып, 7 016,2 тонна өнім жиналып отыр.

Көкөніс және бақша дақылдарын жинау тамыз айынан басталып бүгінгі күнге 269,0 гектар көкеніс дақылдары жинылып,  6 752,0 тонна көкөніс аудан халқының тұтынуына пайдаланылуда. Сонымен қатар  355,0 гектар бақша дақылдары толықтай алынып, 8 804,0 тонна қауын мен қарбыз 50-130 теңге аралығында сатылған.

7145 гектар  мақсары орылып, 4648,5 тонна мақсары дәні облыстағы қайта өңдеу кәсіпорындарына өткерілген. Сондай-ақ, 1011 гектар  жүгері дақылы жиналып, 6571,5 тонна жүгері аудан халқына әр тоннасына 60-70 мың теңгеден сатылуда.  2020 жылы шаруалар тарапынан 979,0 тонна минералды тыңайтқыш алынып,  жоспар 108,7 пайызға орындалған.

Leave A Reply

Your email address will not be published.