Агросала қызметкерлері марапатталды

0

Сарысу ауданы егін мен мал шаруашығын дамытуда қанатын кеңге жайып келеді. Ауыл шаруашылығы қай бағыты болмасын, барлығы жылдан жылға өркендеуде.
Қазір аграрлық сектор тұрақты даму жолында.
Істің көзін тапқан шаруалар отарлап қой айдап, гектарлап егіс егуде.
Алдағы уақытта су жеткізу қиындық туғызатын егістік жерлерге инфрақұрылымды дамыту тетігімен ұңғымалар қазу жоспарлануда.
Сонымен қатар, ағымдағы жылы 3 ішкі каналдарға ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілуде. 2021 жылы 6 су нысанын жөндеуден өткізуге ұсыныс берілсе алдағы уақытта жөндеуді қажет ететін су каналдарына жобалық-сметалық құжатталары жасалуда.
Бүгін ауыл шаруашылық саласында қол жеткізген жетістіктер жан-жақты айтылды.
Халқымызда «Ауылым алтын бесігім» деген жақсы сөз бар.
Ауылдың гүлденуі, өркендеуі жолында осы ауылшаруашылық саласындағы азаматтардың еңбегі ерек екенін атап өткеніміз жөн.
Өткен аптада осы сала бойынша бірқанша азаматтарды облыстық марапаттармен марапаттаған болатынбыз.
Осы аталмыш күнге байланысты бүгін Сарысу аудан әкімі Бақытжан Жақсылықов ауыл шаруашылық саласы қызметкерлерін және шаруа қожалықтарының иелерін қабылдады.
Қабылдауда арнайы аудандағы ауылшаруашылық саласындағы атқарылған жұмыстар бойынша бейнеролик көрсетілді. Содан соң аудан басшысы шындығында да, ауыл қазақтың қара шаңырағы, дәстүрлі шаруашылығының асыл қазығы, атамекені.
Осынау жауапты міндетті абыроймен атқарып, аянбай еңбек етіп жүрген баршаңызды бүгінгі айтулы мерекемен құттықтап, отбасыларыңызға амандық, еңбекте табыс және баянды бақыт тілеймін,-деді.
Құттықтаудан соң ауылшаруашылық саласының ұжымы мен шаруақожалық иелері, кәсіпкерлер бағалы сыйлықтармен және аудан әкімі мен аудандық мәслихаттың, «Нұр Отан» партиясының Құрмет, Алғыс хаттарымен марапатталды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.