Өндіріс көлемі еселеп өсуде

0

Сарысу ауданы қай кезде де өндірісімен танылған өлке.  Кеңестік кезеңнің өзінде елді мекен фосфор өндірімен одақтас мемлекеттерге танылды. Бүгінде ауданның бұл бағытта жеткен жетістігі толайым.

Атап айтсақ, ағымдағы  жылдың қаңтар — қазан айларының қорытындысы бойынша өнеркәсiп кәсiпорындары 20 452,3 миллион  теңгенің өнімдерін өндіріп, өнеркәсiп өнiмдерiнiң нақты көлем индексi өткен жылдың тиісті кезеңімен  салыстырғанда 101,5  пайызды құраған.

Оның ішінде кен өндіру өнеркәсібінде – 19390,7 миллион  теңге (НКИ – 101,0 %), өңдеу өнеркәсібінде –    761,6 миллион  теңге (101,2 %), жылумен, электр энергиясымен жабдықтау саласы 210,7 пайыз (157,1 млн. теңге), сумен жабдықтау саласы 89,3 пайыз(119,1 млн. теңге).

  Бұдан бөлек, шаруашылығында өндiрiлген өнiм  14 372,2 миллион  теңгенi құрап, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 104,2 пайызға орындалып отыр.  Оның ішінде егін шаруашылығы – 8199,8 мың теңге, ал

мал шаруашылығы – 6163,9 мың теңге.

Leave A Reply

Your email address will not be published.