Бүгін — Жол полициясы қызметкерлерінің күні

0

Бүгін — Жол полициясы қызметкерлерінің күні.
Қазіргі тәуелсіз Қазақстанның жол тәртібін қамтамасыз ету қызметі 1992-ші жылғы 23 қарашада өзінің жаңа қызметін бастады.
Бұл күні ҚР Министрлер кабинеті Қазақстан Жол полициясын құру туралы қаулыны бекітті.
Бұл тек қарапайым атауын өзгерту ғана болып қойған жоқ, қызметтегі басым міндеттер де өзгерді. Қазіргі жол полицейлерінің міндеттері — қоғамдық тәртіпті сақтау, қылмыспен күрес, жол қозғалысындағы қауіпсіздікті қамтамасыз етумен қатар жолдарда кездесетін қылмыстық озбырлықтардан азаматтарды қорғау.

Осы орайда аудан әкімі Бақытжан Жақсылықовтың:
— Құрметті Сарысу аудандық полиция бөлімінің бастығы Асхат Алметов мырза және полиция ұжымы баршаларыңызды Жол полициясы қызметкерлерінің күнімен шын жүректен құттықтаймын.
Бүгін де полиция ұжымы қылмыспен күресті үздіксіз жүргізіп келеді. Азаматтардың конституциялық құқықтары мен бостандықтарын қорғап, қоғамдық тәртіпті қадағалап жүргендердің алдыңғы қатары — сіздерсіздер.
Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Қазақстан халқына Жолдауында: «Зор өкілеттілік пен құқықты иеленген шенділер мінсіз мінез-құлқымен және жоғарғы кәсібилігімен ерекшеленуі керек» деп атап өткен болатын. Сондықтан, маңызды мемлекеттік міндеттердің шешімін табу үшін барлық полиция қызметкерлерінің қызметтік және жеке қасиеттері мінсіз болуы керек. Кәсіби мерекеміздің қарсаңында барлық ішкі істер органдарының ардагерлері мен сарысулық тәртіп сақшыларына мықты денсаулық, отбасыларына амандық тілеймін», — деп құттықтауын қабыл алыңыздар.

Leave A Reply

Your email address will not be published.