Мерекелік акция өтті

0

Ағымдағы жылдың 10 тамыз бен 2 қыркүйек аралығында күні Жамбыл облыстық пікірсайыс одағы «Еркін пікір» жастар қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен Байзақ ауданының этнос өкілдерінің көп шоғырланған ауылдық округтерде, атап айтатын болсақ, Қызыл жұлдыз, Ботамойнақ, Бурыс және Қостөбе ауылдарында, өзге ұлт өкілдерінің көп шоғырланған елді мекендерде татулық, бірлік, достық қарым-қатынасты білдіру мақсатында «Қазақстан Ассамблеясына 25 жыл» атты акциясы өткізілді.

Акция барысында Жамбыл облыстық пікірсайыс одағы «Еркін пікір» жастар қоғамдық бірлестігінің менеджері Х.Бакирамов және «Жібек жолы жастары» еріктілер қозғалысының волонтерлары, ауыл тұрғындары, барлығы 400-ге жуық адам қамтылды.

Акция барысында Х.Бакирамов Ботамойнақ ауылының тұрғындарымен карантиндік-қауіпсіздік шараларын сақтай отыра жеке кездесіп, аталмыш мерекемен құттықтап, арнайы таратпа материялдар мен естелік сыйлықтарын табыс етті.

Шара соңында ауыл тұрғындары өз алғыстарын білдіріп, естелікке суретке түсті.

Жамбыл облыстық пікірсайыс одағы «Еркін пікір» жастар қоғамдық бірлестігі

Leave A Reply

Your email address will not be published.