Тілі басқа – тілегі бір…

0

2020 жылдың 1-15 қыркүйек аралығында Жамбыл облыстық пікірсайыс одағы «Еркін пікір» жастар қоғамдық бірлестігінің және аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімімен бірлесе, әлеуметтік желі арқылы ұйымдастырылған «Тілі басқа – тілегі бір, жүзі басқа – жүрегі бір!» атты онлайн фестивалдің, ағымдағы жылдың 24 қыркүйек күні Байзақ ауданы, Сарыкемер ауылы, Нұр отан партиясының ғимаратында, Қазақстан халқы Ассамблеясының (2025 жылға дейінгі) даму Тұжырымдамасын іске асыру мақсатында онлайн фестивалдің марапаттау рәсімі өткізілді.

Фестиваль барысында Байзақ ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі басшысы С.Иманова, ауданы әкімдігі мәдениет бөлімінің маманы Г.Таукебаева, «Еркін пікір» жастар қоғамдық бірлестігінің менеджері Х.Бакирамов, фестивалге қатысушылар, барлығы 40-қа жуық адам қатысты.

Атылмыш фестивалге 8 ауылдық округтен өзе ұлт өкілдері қатысып, өнерлерін ортаға салды. Шарт бойынша әр топ бейне роликтерді өз ұлтының мәдениетін, салт-дәстүрін, ұлттық нақыштағы симыолдары мен ктімдерін таныстырды.

Қазылар алқасының шешімімен бас жүлде Қызыл жұлдыз ауылдық округі,       I орын Түймекент ауылдық округі, II орын Дихан аууылдық округі, III орын Ботамойнақ ауылдық округі иеленіп, арнайы дипломмен және бағалы сыйлықтармен марапатталды. Сонымен қатар барлық қатысушыларға алғысхатпен, ынталандыру сыйлықтары берілді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.