«Қоғамдық қабылдау» өткізілді

0

Ағымдағы жылдың 23 қазан күні Жамбыл облысытық пікірсайыс одағы «Еркін пікір» жастар қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен, Байзақ адалдық алаңы жобалық кеңсесімен бірлесіп, Жаңатұрмыс, Жақаш, Түймекент ауылдарының әкімшілігінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы иммунитетті көтеру және ауыл тұрғындарының арыз-шағымдарын тыңдау мақсатында «Қоғамдық қабылдау» өткізілді.

Шараға «Байзақ адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің жетекшісі Д.Пірімқұл, А.Есейқызы және Жамбыл облыстық пікірсайыс одағы «Еркін пікір» жастар қоғамдық бірлестігінің менеджері Х.Бакирамов, ауыл тұрғындары, барлығы 100-ге жуық адам қатысты.

Шара барысында ауыл тұрғындары көкейлерінде жүрген бірнеше сұрақтарын қойып, мардымды жауаптар алды.

Жамбыл облыстық пікірсайыс одағы «Еркін пікір» жастар қоғамдық бірлестігі

Leave A Reply

Your email address will not be published.