Мемлекеттік бағдарламалар – халық игілігіне

0

Сарысуда Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы аясында 2 809 азамат жұмыс сұрап өтініш білдірсе, жыл ішінде 3662 адамды белсенді шаралармен қамтлған.
Жұмыспен қамтудың 2020-2021 жылдарға арналған жол картасы арқылы 24 жоба жанданып, 2 миллиард 900 миллион теңге игерілді. Оның ішінде әлеуметтік саладағы бірқатар жобаларға жан бітті. Сондай-ақ 177 миллион 400 мың теңгеге 8 елді мекеннің жолдары жөнделді. Су арналарын қайта қалпына келтіруге бөлінген 170,7 миллион теңге де тетігін тапты.
Жұмыспен қамтудың 2020-2021 жылдарға арналған жол картасы шеңберінде 980 жұмыс орны ашылып, 520 адам жолдама алды. Сонымен қатар «Бизнестің жол картасы-2025» бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы бойынша 2 жобаға қаралған 60 миллион 100 мың теңге толықтай игерілді. Бұл тұста тағы бір айта кетерлігі, елді мекендерді газдандыруға бағытталған 2 жобаға 2 миллиард 299 миллион теңге бөлінсе, ауызсу және кәріз жүйесін тартуға бағытталған қазына қаржысы да мақсатты жұмсалды.
Ауыл еліміздің алтын діңгегі дейтін болсақ, «Ауыл – ел бесігі» жобасы бойынша 22 жобаға 908 миллион 300 мың теңге бөлініп, 1 қарашаға оның 810 миллион 100 мың теңгесі игеріліп отыр. Жоба аясында Саудакент пен Ұйым ауылдарындағы 19 көше орташа жөндеуден өткізілді. Саудакент ауылында спортзал құрылысы және Жаңаталап орта мектебіне күрделі жөндеу жүргізу жұмыстары аяқталды.
Есепті кезең осындай толайым табыстармен есте қалып отыр. Жыл соңына дейін сарысулықтарды қуантатын тағы жағымды жаңалықтарымыз баршылық.

Leave A Reply

Your email address will not be published.