Жаңатаста жаңа химиялық кешен салынуда

0

Сарысу ауданы бойынша өнеркәсіп өнімдерінің негізгі өндірушілері «Қазфосфат» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің «Қаратау» тау-кен өңдеу кешені мен «ЕвроХим» минералды-химиялық компаниясы. Сонымен қатар өңдеу өнеркәсібі саласында мұнай өнімдерін өңдейтін «Жарас», асфальт өнімдерін шығаратын «Тараз көлік жолы», ас тұзын өндіретін «Асыл тұз» және «Мұхаммедия», плита тақталарын шығаратын «Фирма Минерал» мен «Proitcom» сынды жауапкершілігі шектеулі серіктестіктері бұл бағыттағы жұмыстарға өлшеусіз үлес қосуда.
Алдағы уақытта ауданда өнеркәсіп өндірісін арттыру бағытында 5 ірі инвестициялық жобаны жүзеге асыру жоспарланып отыр. Атап айтсақ Жаңатас қаласында 2015 жылдан бастап «ЕвроХим-Қаратау» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің минералды тыңайтқыштар өндіретін химиялық кешенінің құрылысы жүргізіліп жатыр. Кешен құрылысының І кезеңі толық аяқталған. Химиялық кешеннің ІІ кезеңінің пайдалануға берілуі және өнім шығару 2022 жылға көзделген. Қазіргі таңда нөлдік цикл бойынша құрылыс-монтаж жұмыстары мен алаң ішіндегі жұмыс орындарының құрылысы қызу қолға алынған. Электрмен және сумен жабдықтау, тазалау имараттарының, дикальций фосфатын өндіруге арналған шикізаттарды сақтау қоймалары салынды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.