Сарысулық шаруалар 12,6 миллиард теңгенің өнімін өндірді

0

Есепті кезеңде Сарысу ауданында ауыл шаруашылығында өндірілген өнім көлемі 12 миллиард 64 миллион теңгені құрады. Аудандағы агроқұрылымдар ауыл шаруашылығы техникаларының 10 пайызын жаңарту жоспарланса, бүгінгі күнге 327 миллион 300 мың теңгеге 77 дана техника сатып алынды.
Сарысулық шаруалардың меншігінде 22 мың 607 мүйізді ірі қара, 218 мың 540 қой мен ешкі, 7801 жылқы, 2570 түйе және 23 мың 159 құс бар. Қозы етін экспорттау бойынша жыл басынан бері «Меркі Ет комбинаты» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне 1610 қозы жөнелтілді.
Жалпы ауданда ауыл шаруашылығы саласында 1644 кәсіпкерлік субъектісі тіркелген. Олардың саны былтырғы жылмен салыстырғанда 22,4 пайызға артып отыр. Оның ішінде 827 жеке кәсіпкер, 26 заңды тұлға және 791 шаруа қожалығы ретінде тізімге енсе, оның ішінде бүгінге 1400 кәсіпкерлік субъектісі салық есептілігін тапсырып отыр.
Ағымдағы жылы егіс алқабының көлемі 21 мың 128 гектарға жетіп, өткен жылмен салыстырғанда 836 гектарға артты.
Бордақылау алаңына бұқашық өткізу бойынша бір ғана шаруа қожалықтан 77 бұқашық өткізілді. Сиырларды селекциялық тәсілмен асылдандыру жұмыстарын жүргізу бойынша аудан көлемінде 53 шаруа қожалық 3 616 ірі қараны асылдандыру үшін субсидия алуға өтініш берді.
«Сыбаға» бағдарламасы бойынша Жайылма ауылдық округінен «Жеңіс» шаруа қожалығы 50 миллион теңгеге «Агро Несие Корпорациясы» арқылы 50 мүйізді ірі қара сатып алу жұмыстарымен айналысып жүр. Осы бағдарлама бойынша 5000 ұсақ мал сатып алу да жоспарда бар.

Leave A Reply

Your email address will not be published.